Білім

Өңіріміздің жас ізденушілері жарады

Солардың бірі – Темірлан Баймаш байқаудың қалалық, облыстық кезеңдерінде бірінші орынды иеленіп, республикалық байқауда осы нәтижесін тағы бір рет дәлелдей алды. Қожаберген жырау атындағы 6-шы орта мектептің оқушысы алоэ өсімдігінің емдік қасиетері жайында ғылыми жұмысын қорғаған. Оның еңбегін қазылар алқасы жоғары бағалап, бірінші орынға лайық деп тапқан. Жас ізденуші Темірлан алдағы уақытта дәрігер болсам дейді.

Темірлан Баймаш, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушысы.

-Зерттеу жұмысымның мақсаты – алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері және химиялық жолмен жасалынған дәрі-дәрмектерден ана құрлым тиімді екендігін насихаттау. Мен кішкентай кезімнен ауырғанда анам алоэ өсімдігімен емдейді. Сондықтан осы гүлді зерттеу жұмысыма таңдап алдым.

Республикалық байқауда қалалық классикалық гимназияның 3 бірдей оқушысы қатысып, барлығы да жеңіс тұғырынан көрінген. Аталған білім ошағының 3-сынып оқушысы Айдана Сұлтанова, асқа қосатын тұзды зерттеген. Оның еңбегі республикалық сайыста 2 орынға лайық деп табылды.

Айдана Сұлтанова, қалалық классикалық гимназияның оқушысы.

-Бұл тақырыпты таңдаған себебім мен әкесі мен баласының арасында болған тұзға байланысты оқиғаны оқыдым. Сонда шындығында адамдар неге тұзсыз ас іші алмайды, тұздың қандай сиқыры бар деген сұрақ туды. Сосын осы мәселені зерттедім.

Республикалық “Зерде” ғылыми-практикалық байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 350-ге тарта оқушы жиналған. Олардың тек 110 ғана жүлделі орындарға ие болған. Ал, біздің өңірдің намысын қорғаған 16-ты оқушының барлығы құр қол қайтқан жоқ. 4 бірінші орын, 8 екінші, 2 оқушы үздік үштікті қорытындыласа, тағы осыншасы грамота алған.

Гүлдарай Қайнетова, “Білім саласындағы әдістемелік ақпараттық технологиялар орталығы” МКМ директоры.

-“Зерде” зерттеу жобаларының байқауы 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оның ішінде биология, техника, этномәдениет, өлкетану сияқты бағыттары бар. Осы бағыттар бойынша кішкентай зерттеушілеріміз өздерінің жас ерекшеліктеріне сай жұмыстарын зерттеп, қорғады.

Оқушылар еңбектерінің бір бөлігін ғана зерттеген. Сондықтан алдағы уақытта бұл жұмыстарын жалғастырмақ.

 

 

 

Бану Ахметова.