Бизнес және экономика

Нумизматтардың талғамына сай алты ескерткіш сөлкебай айналымға шықты

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы.

-Бұл манета күмістен жасалған. Сынамасы 925, салмағы 24 грамм. Сату бағасы 8 300 теңге.

Енді бір жаңа шақаның түрі “Тайқазан” деп аталады. Кәдесый “Дала қазынасы” монеталар сериясын толықтырды. Ерекшелігі сол пішіні төрт қырлы. Жиектері ұлттық ою-өрнектерімен көмкерілген. Бұрындары түркілер үшін алып қазан бірлік пен қонақжайлықтың нышаны болған. Сондықтан мұны елімізге алғаш келген шетелдіктерге кәдесый ретінде беруге болады.

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы.

-Келесі монета дала қазынасы сериясындағы “Тай қазан” монетасы. Бұл да 925-ші сынамынан жасалған. Оның салмағы 31,1 грамм. Сату бағасы 10 800 теңге.

Ескендір Сүлейменовтың айтуынша, “Ғарыш” монеталар сериясындағы сөлкебайлардың құны қымбат болса да, солтүстікқазақстандық нумизматар оны тез арада сатып алады екен. Биыл аталған серияда “Буран” сөлкебайы айналымға шықты. Оның бағасы 14 200 теңге. Номиналдық құны 500 теңгелік ескерткіш монетасы ғарышты зерттеу және ғаламның құпияларын тану тарихындағы айтулы оқиғаларға арналған. Жалпы биылдың өзінде 6 естелік монета сатылымға шықты.

 

 

Берик Касен.