МТРА жаңалықтары

Балаларға арналған қауіпсіздік құрылғысы

Бұл жазасын өтеушілер арасында жаңа бос жұмыс орынын ашуға мүмкіндік берді. Мұндағы әйелдер мынандай адаптерлер тігеді. Бір күнде 80 данасын дайындайды екен. Әзірге бұл тауарды өңір нарығына шығару үшін қажетті құжаттар дайындалып жатқан көрінеді. Содан кейін балалар қауіпсіздік құрылғыларының біреуі 1200 теңгеден саудаланбақ. Өйткені жолда жүру заңына енгізілген толықтырулар мен өзгертулер автокөліктерде 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы қауіпсіздік құрылғыларымен алып жүруге міндеттейді.

Айқын Баженов, ЕС 164/6 түзету мекемесі бастығының орынбасары.

-Бұл цехты жеке кәсіпкер 3 жыл бұрын ашты. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап автокөліктерге арналған адаптер істей бастадық.

Бұл цехта жазасын өтеуші Надежда Татмухамбетова да жұмыс істейді. Нәзік жанды алаяқтығы үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылыпты. Енді жазасын өтеуші осында жұмыс істеп, қарызын қайтаруға мүмкіндігі бар.

Надежда Татмухамбетова, жазасын өтеуші.

-Жеке кәсіпкер Евгений Сергеевичтің арқасында біз балаларға арналған қауіпсіздік құрылғыларын тігігіп жатырмыз. Осында жұмыс істеп жасаған қылмысымның өтеуін өзім төлейтін боламын. Әр ай сайын жалақы береді. Еңбекке араласқандықтан уақытымыз тез өтеді.

Бүгінгі күні мұнда 260-қа жуық қыз-келіншек жазасын өтеуде. Оның 80-ге жуығы еңбек етіп жүр.

 

Бану Ахметова.