МТРА жаңалықтары

2015 жыл -Қазақстан халқы ассамблеясының жылы

Рүстем Мейрамов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.

-Менің достарым, топтастарымның қатарында өзге ұлттың өкілдері бар. Менің оларға деген көзқарасым түзу. Үнемі аралас-құралас жүреміз. Жалпы мен әр ұлттық өкілі елімізде тату-тәтті, бірлікте күн кешіп жатқанына қаунамын. Және бұл әрине президентіміздің арқасы.

Аудиторияда қоғамдық институттың мүшелері жастарға Қазақстан халқы ассамблеясының құрылу тарихы, оның қоғамдағы маңыздылығы жайында әңгіме өрбітуде. Сондай-ақ, аға буын өкілдері ұлттық сананы, салт-дәстүр мен мәдени құндылықтарды жоғалтып алмас үшін ел тарихын құрметтеу қажеттігін баса айтты. Ұлттық мәдени орталық өкілдері мемлекеттік тілді меңгеруге де бет бұрмақ.

Рашид Надиров, “Барбанг” күрдтер этно-мәдени орталығының төрағасы.

-Биыл біз қазақ, орыс, күрд тілінде сөздік шығарамыз. Бұл көмекші құралдың көмегімен үш ұлттың азаматтары бір-бірін түсінісе алады.

Людмила Гривенная, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі.

-Ақпанның 6-сы барлық ел Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ресми түрде тойлау басталады. Соған орай біз этно-мәдени бірлестік өкілдерін шақырып, студенттерге арнап жиын өткізудеміз . Мұнда біз жастарға бірегей инститтутың шығу тарихын айтамыз,. Оның қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына тоқталамыз.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы желтоқсанның 1-іне дейін тойланбақ.

 

Берик Касен.