Мәдениет

Суретші Владимир Гачинскийдің мерейтойлық көрмесі

Адамдардың мүсіндері мен табиғаттың бейнесі салынған картиналар. Мәселен көрмеге қойылған еңбектерінің алғашқысы 41 жыл бұрын жасалса, кейібірінің сиясы әлі кебе қоймаған. Жақында гипстан М.Жұмабаевтың мүсінін соғуды аяқтапты. Бұл жұмысқа жерлесіміз 5 жылдай уақыт жұмсаған көрінеді. Шебер сурет салуға өткен жылы бет бұрыпты.

Владимир Гачинский, мүсінші.

-Қаламыздың бас суретшісі марқұм Анатолий Бургаев менің сурет салуыма түрткі болды. Содан кейін бейнелерді қағаз бетіне түсіруді қолға алдым. Дегенменде маған ағашты ойып, мүсін жасау көбірек ұнайды. Дені әйелдердің мүсінін жасаймын.

Валдимир Гачинскийдің мерейтойлық көрмесіне Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігінің өкілі келді. Валдимир Ивановичтің ұлты поляк болғандықтан аталған мемлекетте ол жақсы танымал екен.

Анджей Бобер, Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігінің 3-ші хатшысы.

-Гачинский мырзаның мерейтойлық көрмесі өтетінін естіп, арнайы құттықтауға келдім. Және Қазақстаннның солтүстік өңірінде поляктардың тұрмыс-тіршлігімен де танысқым келеді. Бұған дейін электронды поштаға Владимир Ивановичтің жұмыстары жіберілген болатын. Еңбектерін бөліп жарып, мынау жақсы деп айта алмаймын. Өйткені, әр бір туындысының өзіндік тарихы бар.

Көрмеге қылқалам шеберінің туған-туыстары, жора-жолдастары да жиналды. Араларында Владимир Ивановичті көптен бері білетіндер де табылды.

Ерғали Саткенов, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің оқытушысы.

-Владимир Ивановичті студент кезімнен танимын.

Көрмені солтүстікқазақстандықтар 1 ай бойы қызықтай алады.

 

 

Бану Ахметова.