Бизнес және экономика

ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының II -съезі өтті

Қуаныш Бишімов, СҚО кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы.

-Ұлттық кәсіпкерлер палатасының II -съезіндегі шешім бойынша міндетті мүшелік жарнаны төлейтіндер 2 категоряға бөлінді. Бұл санатқа әсіресе орта және ірі кәсіпкерлік нысандары енеді. Олар орташа жылдық кірісіне байланысты жылына 150-300 мың теңге төйлейді. Ал, 2- категория бойынша орташа жылдық кіріс айналымы 1,5 млрд теңігені құрайтын ірі бизнес өкілдері бұрынғыдай 8 млн теңге емес, орташа жылдық кірісне байланысты 1 ден 3 млн теңге төлеуі мүмкін.

Ал, шағын бизнес өкілдері міндетті мүшелік жарнаны төлеуден 100 пайыз босатылды.
Сондай-ақ, бір мекемеде ұжымның жартысынан астамы мүмкіндігі шектеулі жандар
болған жадайда жұмыс беруші толықтай міндетті мүшелік жарнаны төлеуден босатылады. Бұл жеңілдіктер бизнесмендерді қолдауға айтарлықтай көмек болары сөзсіз.

Александр Кузлякин, «Молочный союз» ЖШС директоры.

-Қазір көршілес Ресейде жағдай ушығып тұр. Оған қоса Еуразиялық экономикалық одақ аясында бекітілген келісім-шарттағы бірқатар талаптар орындалмай отыр. Бұл бізге, кәсіпкерлерге қиындық тудыруда. Сондықтан бір жағына тартып өгізді өлтіріп, екінші жағына тартып, арбаны сындырып алмау жағын ойластыруымыз қажет.

Бүгінде Ресейдегі рублдің құлдырауына байланысты отандық кәсіпкерлер өнімдерін
көршілес елге тасымалдауын тоқтатты. Себебі, оларға тауарды өзіндік құнынан төмен өткізу тиімсіз болып тұр. Оған қоса Қаңтардың 27-сі Астанада өткен ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының II -съезі барысында қаржылық дағдарыс жағдайында бизнесті тұрақты ұстап тұру қамында бірқатар іс-шаралар жоспары айқындалды.

Александр Казанцев, жеке кәсіпкер.

-2015 жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде доңғалақты көліктердің қауіпсіздігін сақтау жөнінде техникалық регламент күшіне енді. Соған сәйкес қазір өз тауарына қажетті қосылқы бөлшектерді шетелден тасымалдайтын кәсіпкерлерге тосқауыл қойылды. Ол үшін ТР-ТС сертификатын рәсімдеу қажет. Ал оны Ресейдегі акредитациядан өткен орталықтардан ғана алуға болады. Сондықтан ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов съезде Қазақстанда да ондай акредиттелген орталықтарды 2 жыл ішінде ашу керектігін айтты.

Оған қоса биылдан ұлттық кәсіпкерлер палатасы тендерлерге қатысатын кәсіпкерлерге “Индустриалды сертификаттар” беретін болады. Осылайша өзге бизнесмендерге кедергі келтіріп, жалған кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылмақ.

 

 

 

Берик Касен.