МТРА жаңалықтары

Петропавл қаласының әкімі халық алдында есеп берді

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі.

-Петропавл қаласында Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы сомасы 9,4 млрд теңге болатын 9 жоба іске қосылды. Жобаны жүзеге асыру барысында өңдеу өнеркәсібінде 328 жұмыс орындары ашылды. Ал екінші кезеде Индустрияландыру картасына енгізілген, жалпы сомасы 4,6 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл 355 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туғызады.

Қала көшелерін абаттандыру әкімдіктің басты назарында. Өткен жылы Караванная көшесіндегі жарты ғасырлық тарихы бар көпірдің апаттық жағдайына байланысты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал жұмысшы мен “Сенная база” кенттеріндегі жолдардың ойыс жерлері тегістеліп, облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына асфальт төселді. Есептік кездесу барысында халықтың көкейінде жүрген сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды.

Любовь Понурова – қала тұрғыны.

-Алтынсарин мен Крепостной көшелерінің аралығында үнемі жер қазылады. Сол себепті ол жерлерде лай-батпақ көп. Бұл көшеде “Айгөлек” балабақшасы бар, оған баратын жолда су. Балалардың жүруіне қиын. Осы мәселені шешсеңіз.

Бұл сұраққа жауапты “Петропавл жылу желілері” ЖШС-ің бас инженері Александр Захарьян әкімдіктің бөлген қаражатына орталықтан Крепостной көшесіне дейін жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін және де сол себепті ол көшелердің жағдайы осындай екенін айтты.

Александр Захарьян – “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі бірінш орынбасары, бас инженері.

-Бірінші жылу магистралінің диаметрі 700-ден 1000-ға кеңейтіледі. Сол кезде Крепостной көшесіндегі камерада жаңасына алмастыралады. Өйткені соның салдарынан бу сыртқа шығып, жер езілуде. Ол жұмыстар басталғанда уақытша екінші жылу магистралі іске қосылады.

Жиында «Ракета-1» саяжай қауымдастығын сумен қамтамасыз етуге қатысты сұрақта қойылды. Олар өткен жылы тіршілік көзінен қағылыпты.

Валентина Бабина – қала тұрғыны.

-Біздің “Ракета-1” саяжай қауымдастығымызда жылда тіршілік көзі болатын. Ешқандай проблема болмаған. Өткен жылы ешкімге еш нәрсе айтпастан бізге су берген жоқ.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі.

-Біз бұл мәселені шешуде ол жерге ұңғыма бұрғылау шешіміне келіп отырмыз. Бірқатар мердігерлермен келіссөздер жүргізілді. Енді ұңғыма бұрғылап, құбыр орнатып, қуаттылығы мықты су сорғыш пен жинауышты қоюды жоспарлап отырмыз. Бұның арқасында сіздер өз участкелеріңізді суара аласыздар.

Жалпы қала әкімі Марат Тасмағанбетовтың халық алдындағы есеп беру кездесуіне 280-ге жуық адам қатысты. Олар кездесуде көтерілген мәселелердің алдағы уақытта түйіні тарқайтынына сенім білдірді.

Светлана Голубятникова – қала тұрғыны.

-Менің қойған сұрағым қар аршуға байланысты болды. Қаланың орталық көшелері тазартылғанымен біздікі мүлдем аршылмайды. Енді бұл кездесуден кейін ақ ұлпалар біздің көшелерден шығарылады деп сенемін.

Любовь Понурова – қала тұрғыны.

-Жалпы маған кездесу ұнады. Өз сұрағыма қанағат тұтатын жауабымды алдым. Осындай жиындар халық үшін өте қажет. Өйткені олардың атқарылған жұмыстарға айтар өз пікірлері бар.

Шаһар басшысының кезекті есеп беруі 3 ақпан күні қалалық мәдениет үйінде өтеді.

 

Риат Шони.