Спорт

Облысымыздың каратэшілері жаңа белбеулерге ие болды

Қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы Алексей Бойко жиналғандарға гитарада ойнап, ән айтты. Жеткіншектің каратэге бет бұрғанына 4 жылдың жүзі болған.

Александр Бойко.

-Жаңа белбеу менің тынымсыз дайындығымның жеңісі деп білемін. Ал гитарада ойнауды бір жыл бұрын үйрендім. Бүгін “Букет” әнін айтамын. Ол махаббат жайында.

Сахнада мың бұрала билеп жатқан Айжана Алдабергенова. Каратеші аттестациядан сүрінбей өтіп, жасыл жолақты сары түсті белбеуге ие болып отыр.

Айжана Алдабергенова.

-Үш жылдан бері каратемен айналысамын. Маған өте ұнайды.

Міне, концертте аяқталып, кәсіби шеберліктерін дәлелдей білген 400 спортшы салтанатты түрде жаңа белбеулерін алуда. Ал жалпы кю тест жылына бір рет өткізіледі.

Владимир Витченко, “Бүкілқазақстандық кекушинкай карате ұйымы” РҚБ СҚОФ директоры.

-2014 жылдың желтоқсан айында каратешілер аттестациядан өтті. Бүгін спортшылар сарыдан қоңырға дейінгі деңгейдегі белбеулерге ие болды. Жыл сайын каратемен айналысамын деген балалардың қатары артып келеді.

Және бұл күні спортты дамытуға үлесін қосып жүрген азаматтар “Нұр Отан” партиясының алғыс хаттарына ие болды.

 

 

Бану Ахметова.