Мәдениет

Облыстық филармонияның камералық хор хормейстері Ғалия Мұхамеджанованың шығармашылық кеші өтті

Мұндай жанрдағы әндер мен әуендерді күнде ести бермейтіндіктен, тыңдаушылар өнер иесінің дирижерлығымен орындалған шығармаларды сағынғандары анық. Ең алдымен, кеште әншінің өмірі жайында шағын бейнефильм көрсетілсе, кейін концерт шымылдығы Масканьидің әнімен ашылды.

Сонымен қатар шығармашылық кешке келушілер, қазақстандық композиторлар мен қазақтың халық әндерін де тыңдауға мүмкіндік алды.

Қазіргі таңда облыстық филармонияның камералық хорының хормейстрі Ғалия Мұхамеджанова шәкірттерін тәрбиелеп жатқан жайы бар. Кеш иесі алдағы уақытта жеке концертін мүмкіндігінше жиі өткізіп тұрмақ. Оған негіз де бар.

Ғалия Мұхамеджанова – Облыстық филармония камералық хорының хормейстері.

-Біздің уақытта хор жанры алыстап кетіп қалған сияқты. Неге десеңіз, қазірде жеңіл жанрлар адамға жақын сияқты. Сондықтан адамды ой жолына салып, хор музыкасын тыңдап отырғанда кішкене ойланып отырасың, не туарлы айтып тұр, қалай айтып тұр.

Шығармашылық кеште қазақ және шет ел тілдерінде көптеген туындылар орындалды. 2 сағатқа жалғасқан концерт жерлестеріміздің көңілінен шықты.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.