Қоғам

М.Жұмабаев ауданына қарасты Надежка селосында мәдениет үйі ашылды

Қайрат Пішенбаев – М. Жұмабаев ауданының әкімі.

-Елбасы, тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында әлеуметтік салаға ерекше көңіл аударылып жатыр. Көптен бері тұрған ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Мұнда елдің азаматтарына әсіресе жастарға бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған.

Мәдени ошақтың ашылып жатқанынан кейнгі толқын жастармен қатар аға буын өкілдері, яғни ауыл ақсақалдары да разы.

Оралбай Сағындықов – М. Жұмабаев аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

-Бұрын мұндай ғимарат болмаған. 50 жылда ел жаңа дейді ғой. Ауылымызда бәрі жаңарып жатыр. Мұның бәрі жастар үшін. Өнер үйренсін, талапты болсын.

Мәдениет үйінің таспасы қиылғаннан соң, Надежка ауылдық округінің әкімі мен аудан басшысы халық алдында атқарған жұмыстары жайында есеп берді. Ризабек Ысқақов округті 2 жылдан астам уақыт басқарып келеді. Өткен жылы мұнда жұмыссыздық мәселесіне ерекше көңіл бөлінгені байқалады.

Ризабек Ысқақов – Надежка ауылдық округінің әкімі, М. Жұмабаев ауданы.

-Былтыр округте 37 адам жұмысқа орналастырылса, жаңадан тұрақты 17 жұмыс орны ашылды. Мұнымен қоса «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы ауылдарға көмек болып отыр. Мәселен 2015 жылға 650 мың теңге бөлінді. Бұл қаражатқа Надежка селосындағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Жылпы былтыр осындай есептік кездесулерде көтерлген сұрақтардың барлығы шешілді. Текі 1 мәселе жіті бақылауға алынды.

Бұдан соң Қайрат Пішенбаев ауданның 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады. Ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 27 миллиард теңгеге жеткен. Ауданда кәсіпкерлік саласы да алға басқан.

Қайрат Пішенбаев -М. Жұмабаев ауданының әкімі.

-Былтыр Булаев қаласында пластикалық терезесін жасайтын цех ашылды. Нысан күніне 40 терезе жасауға қауқарлы. Жаңа нысанда 5 адам жұмыспен қамтылды. Ал Қарақоға ауылында пластикалық ыдыс шығаратын цех жұмысын бастады. Жобаның жалпы құны 40 миллион теңге болды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында елді-мекендерде кәсіпкерлік нысандарын ашуға 93 миллион теңге бөлінді.

Тұрғындармен кездесу барысында аудан әкімі Қайрат Пішенбаев алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Қайрат Пішенбаев – М. Жұмабаев ауданының әкімі.

-Биыл Буалев қаласында ірімшік қосылған шұжық цехы ашылатын болады. «Пальчик» жеке кәсіпкерлігі бұл мақсатқа 10 миллион теңге сомасына қаражат алды. Және «Окунев» шаруа қожалығы балалар дәмханасын тұрғызып жатыр. Ойын-сауық кешені бой көтереді. Сонымен қатар ауданда логистикалық орталық салу үшін Петропавл- Омбы жол бойынан жер учаскесі берілді.

Кездесуде әкімге тұрғындар тарапынан ауызша да жазбаша ұсыныстар көптеп түсті. Мәселен Дүйсеке елді-мекенінің тұрғындары қоғамдық көліктің ауылға кірмей кететіндігін жазған.

Қайрат Пішенбаев – М. Жұмабаев ауданының әкімі.

-Бұл осымен тұрғындар тарапынан автобустарға қатысты түскен үшінші өтініш. Егерде жолаушыларды тасымалдауда белгілікті бір шаруа қожалығы тендерді ұтып алса, жұмыстарын сапалы атқаруы тиіс. Бір апта уақыт ішінде тағы осындай олқылықтар анықталса, біз келісімді бұзатын боламыз.

Аудан басшысы Қайрат Пішенбаев округ әкіміне жұмысына немқұрайлы қарамауды ескертті. Жиында жол жөндеу, таза ауыз су мәселелері де көтерілді. Ал тұрғындар болса, аталған проблемалар шешілетініне сенімді.

Жалпы былтырғы жылы аудан әкімінің есептік кездесуінде 95 өтініш түскен. Бүгінгі күні олардың барлығы орындалды.

 

 

Самат Джакупов.