МТРА жаңалықтары

Күзгі шақырылмдағы сарбаздар әскери ант қабылдады

-Менің ұлым Алмас Смайлов Отан алдындағы борышын өтеуге Петропавл қаласына кеткен. Бүгін міне ант қабылдап жатыр. Барлық балалар аман есен парызын өтеп, үйлеріне оралсын.

-Бүгін немерем ант қабылдап отыр. Ол үшін мен қуаныштымын. Барлығының дендері сау болмын. Ең бастысы борышын аман есен өтесін.

-Толқып тұрмын. Балам азаматтық борышын аман есен өтесін.

Көп ұзамай әскери ант қабылдау рәсімі де басталды.

Күзгі әскери шақырылымда Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандардың бірі Алмас Смайлов. 21 жасар ер жігіт Қарағанды облысынан келіпті. Әскер қатарында болу әрбір ер азаматтың парызы деп білемін дейді жас сарбаз.

Алмас Смайлов – ант қабылдаушы, Қарағанды облысы.

-Бүгін міне әскери ант қабылдап, еліміздің заңды түрде сайланған Президентін қорғауға серт бердік. Барлық сарбаздарды осы рәсіммен құттықтаймын. Өзім Қарағанды облысы Балқаш қаласынан шақыртылғанмын. Енді бір жылда аман есен борышымды өтемекпін.

Жалпы ҚР-ы Ұлттық ұланы 6637 әскери бөліміне күзгі шақырылмда 160 жас сарбаз келген. Еліміздің 4 облысынан жиналған жігіттер бірнеше күннен кейін әр бөлімшеге таралады. Олардың саны үшеу.

Ернар Аширбеков – ҚР Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімінің аға офицері.

-Біздің әскери бөлімде үш бөлімше бар. Олар: қоғамды тәртіпті сақтау, түзету мекемелерін бақылау мен әскери бөлімнің ішіндегі тәртіпті қадағалау. Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғанына орай әскери бөлімдебірқатар іс-шаралар өткізіледі. Оған сарбаздардың барлығы ат салысады.

Ант қабылдау рәсімінен кейін 6637 әскери бөлімінің басшылығы ата-аналармен әңгіме өткізді.

 

 

Риат Шони.