МТРА жаңалықтары

Жылу есептегіш құралдарының тиімділігі

Мағауия Сағындықов- «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры.

-Бүгіндері жылу есептегіш құрылғыларын орнатқан көпқабатты үй тұрғындары қызмет үшін 62 теңгеден төлеуде. Ал жалпықалалық тариф 87 теңгені құрап отыр. Сонда айқын айырмашылықты аңғаруға болады. Құрылғының арқасында солтүстікқазақстандықтар айтарлықтай үнемдей алады.

Облыс орталығында әлі 538 көпқабатты үй жылу есептегіш құрылғыны орнатуды қажет етеді. Әр қондырғының құны 560 мың теңге. Бір жеңілдігі – есептегіш қойған тұтынушылар «Севказэнергосбыт» ЖШС-не оның ақысын бір жыл көлемінде бөліп төлей алады. Ол үшін кәсіпорынға келіп, келісімшарт жасасу қажет. Толық ақпаратты серістестік сайтында да көруге болады. Айтқандайын, алдағы уақытта сараланған тарифтерді енгізу жоспарланып отыр.

Мағауия Сағындықов- «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры.

-Ол тұрғындарды есептегіш құрылғыларын орнатуға итермелейтін болады. Өйткені оған сай арнайы құралдары жоқ тұрғындар 30-40 пайызға қымбатырақ төлемек.

Өткен жылы жылу есептегіш құралдарын Петропавлдағы 30 көпқабатты үй орнатқан. Ал жалпы бұл жұмыстармен 6 кәсіпорын айналысады.

 

Магжан Ахмадина.