Спорт

“Қызыл-Жар СК” командасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны жалғасуда

Ол кездесу 2-1 есебімен солтүстікқазақстандықтар үшін сәтсіз аяқталды. Кейінгі матч Гана жоғары дивизионының командасымен өтті. Бұл кездесуде жеңімпаз анықталмай қос команда 3-3 есебімен тең түсті. Солтүстікқазақстандықтардың сапында Давити Чагелишвили, Эльмар Набиев пен Игорь Костров бір голдан соқты.

Ал 28 қаңтарда Болгария жоғары дивизионының “Славия София” командасымен өткен кездесуде, біздің спортшыларымыз 1-0 есебімен ұтылып бара жатып, жеңіске жетті. Матчтың 75 минутында петропавлдық Александр Соколенко есепті теңестіргеннен кейін, қорғаушы Максим Жалмағамбетов кездесудегі соңғы голдың авторы атанды. Ойын 1-2 есебімен “Қызыл-Жар СК”-ның пайдасына аяқталды. Ал жерлестеріміздің Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны ақпанның 7-не дейін жалғасады.

 

Риат Шони.