Балалар

“Кітап оқитын адам – табысты адам” атты облыстық байқау өтті

Арман Жұмашев, Совет орта мектебінің оқушысы, Аққайың ауданы.

-Мен ертегіні сүйіп оқимын. Бүгінгі байқауға “Бауырсақ” ертегісін әкелдім. Сайыста жеңемін деп ойлаймын.

Ал келесі кабинетте 11 мен 13 жас аралығындағы оқушылар “Сүйікті жазушымның – сүйікті кітабы” номинациясында бақтарын сынады. “Мына кітапты міндетті түрде оқуға кеңес беремін”. Бұл соңғы номинацияның атауы. Мұнда жоғарғы сынып оқушылары сүйікті ақын-жазышылардың шығармалары жайында әңгімеледі.

Айғаным Ұланова, Ә.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы.

-Мен Ж.Аймауытовтың “Ақбілегін” дайындап әкелдім. Шығарма бұрынғы кездегі қиын қыстау уақытты сипаттайды.

Байқауға 7 мен 17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Оларға қойылған талап бар.

Гүлдарай Қайнетова,”Білім саласындағы әдістемелік ақпараттық технологиялар орталығы” КММ директоры.

-Оқыған кітаптарын бүгінгі заман талабына сай жеткізе алуы. Тіл мәдениеті мен сахна мәдениетіне қарап жеңімпаздарды анықтаймыз.

Жеңімпаздар диплом, сертификат және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Және бірінші орынды иемденген оқушы республикалық сайыста өңіріміздің намасын қорғайтын болады. Ол сәуір мен мамыр айларында өтпек.

 

 

Бану Ахметова.