МТРА жаңалықтары

Өңірдегі телефон алаяқтары

Кейін бейтаныс нөмірден ер адам қоңырау шалып өзін “Радио Азия”ның қызметкері екенін және де нәзік жандының смартфоннан бөлек теледидардың иесі атанғанын айтады. Бірақ ұтысты алу үшін нөмірге 3000 теңге жолдау керек дейді.

Төлем жасалғаннан кейін нәзік жандының телефонына тағы да қоңырау шалынып, оның теледидар мен смартфонды ұтып алғанын растайды, бірақ қосымша 18000 теңгені лейкемиямен ауыратын балаларға көмек ретінде жолдау керектігін айтады. Нәтижесінде осындай бірнеше төлемдер жасалып, нәзік жанды 53 000 теңгесінен айырылады. Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізуде. Әзірге нәтижесіз.

Бауржан Ибраев – Петропавл қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлмінің жедел уәкілі.

-Құрметті Петропавл қаласының тұрғындары сіздердің ұялы телефондарыңызға ұтыс жайлы СМС келіп, ал сол ұтысты алу үшін ақша аудару қажеттгін айтса оның алаяқтық екенін ескертеміз. Барлық ұтыстар тегін болады.

Қазіргі таңда Петропавл қаласы ІІБ-ың жедел қызметкерлері алаяқтарды анықтаудың барлық шараларын жасауда.

 

 

Риат Шони.