МТРА жаңалықтары

Мамлют ауданында су, жол, қоғамдық көлік мәселесі толық шешілмей отыр

Күлбаршын Әбдірахманова- Мамлют санаторлық орта мектеп- интернатының директоры.

-Мұнда үйінде туберкулезбен ауырған адамдар бар және бұрын ауырып, толығымен жазылған облыс балалары оқиды. Олар 6 рет тамақтанады. Жақсы жағдай жасалған.

Облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенконы ең алдымен аталған оқу ордасының материалдық- техникалық базасымен таныстырды. Мұнда 64 педагог балаларды білім нәрімен сусындатып жүр. Оқу ордасының спортта жеткен жетістіктері жаман емес. Қазір мұнда әсіресе, еркін күрес жақсы дамып келеді. 40 бала осы спорт түрімен айналысуда.

Сондықтан оларға аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың атынан сыйға күреске арналған кілем табыс етті. Кейін Владимир Бубенко аудандық ауруханаға ат басын бұрды. Қазір емдеу мекемесінде 21 дәрігер мен 130-дан астам медбике, санитарлар қызмет етеді. Жалпы аурухана 70 адамға шақталған. Бұдан соң өңір жетекшісінің орынбасары аудан әкімі- Ерболат Бекшеновтың халық алдындағы есептік кездесуіне қатысты.

Мәдениет үйіне 11 ауылдық округ пен Мамлют қаласының тұрғындары келіп отыр. Жалпы ауданның 20 мыңға жуық тұрғыны бар. Өткен жылы мұндағы өндіріс көлемі 4,9 пайызға артып, 1,6 млрд теңгені құраған. Ауыл шаруашылығы саласында да мамлюттықтар біраз іс тындырған. 2014 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша аудан шаруалары 870 бас ірі қара әкеліпті. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын таппақ. Былтыр «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Мамлют қаласында 7 үй тұрғызылыпты.

Ерболат Бекшенов- Мамлют ауданының әкімі.

-Ауыз су мәселесі өзекті. Аудандағы 42 ауылдың 25-і суды магистральді су құбырынан тұтынады. 12 ауыл құдықтардың суын пайдаланып отыр. Қалғандарына су тасымалданады. Қазіргі таңда ауданды сапалы ауыз суымен қамту 92 пайызға жетті.

Ауданда жол мәселесі өзекті. Жиынға қатысқан «Мамбетов и К» КС басшылығы жол жөнделсе дейді. Айталық, Станавое мен Раздольное ауылдарының арасындағы жол әбден тесіліп кетіпті. Бұл арамен қатынау мүмкін емес. Облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко мәселе биыл шешіледі деді. Кейін тұрғындар Мамлют қаласындағы балабақшаның шатырын жөндеуге қатысты сауал жолдады. Бұл жұмыстар бақылауға алатындығы айтылды. Тұрғындар қоғамдық көлік қатынасы бір арнаға түссе деп отыр.

Есептік кездесуді қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко жұмысқа қарқын қосу қажеттігін ескертті.

Владимир Бубенко- СҚО әкімінің орынбасары.

-Аудандағы ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы көлемі ең төмендердің қатарында. Сіздерде мал басының төмендегені де байқалуда. Ауданда бірде- бір жем-азық алаңы жоқ. Бұл аудан басшылығының жіберген олқылығы. Сондықтан барлық шаралар бойынша жұмыс жоспарын қолға алып, істі бастау қажет.

Жалпы жұртшылық кездесудің жақсы өткендігін айтуда. Баяндамада барлығы толық қамтылыпты.

Қазір аудан тұрғындары Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығын тойлауға дайындалуда. Соған орай мұнда көрме ұйымдастырылыпты.

 

 

Магжан Ахмадина.