Спорт

«Солтүстік» облыстық спорт мерекесі өз жалауын көтерді

Туғанай Бейсембаева- жарысқа қатысушы, Айыртау ауданы.

-Жол қиын болған жоқ. Жалпы аудан жарыстарға жақсы дайындалыпты.

Жалпы қысқы спорт түрлерінен Президенттік көпкүндік сайысы 18 бен 67 жас аралығындағы 137 солтүстікқазақстандықтың басын қосқан. Биыл аталмыш жарыстар «Солтүстік» спорттық мерекесі шеңберінде өтіп жатыр.

Валерий Самохвалов- сайыстың бас төрешісі.

-Жарыс жолына 7 топ шығады. Жасы үлкен әйел азаматшалар 2 шақырым, орташа топтағылары -3 шақырым. Ал одан төмендегілер 5 шақырым жүріп өтеді. Ал ер адамдар жас деңгейлеріне қарай 3-5-10 шақырым жүреді.

Біреулері жарыс жолын еңсеріп, енді тынығып жатса, кейбіреулері аяқтарына шаңғы байлап, жарыс жолына шығуға ізірлік танытуда.

Азамат Мәжитов- жарысқа қатысушы, Ақжар ауданы.

-Енді шығамын. Жақсы дайындалдық. Жеңістен үміттіміз.

Жалпы сайыс 3 күнге жалғасады. Бұдан кейін спортшылар пневматикалық қарудан ату және гимнастикада бақтарын сынамақ. Жеңімпаздар кубок, медаль және грамоталармен марапатталады.

 

 

Магжан Ахмадина.