Аптадағы маңызды жаңалықтар

Көктемгі су тасқынының алдын алу басты назарда

Владимир Бубенко – Облыс әкімінің орынбасары.

-2014 жылы облыста тұрғын үйлерді су басудың 118 оқиғасы тіркелді. Оның 104-і Петропавл қаласында орын алды. Биыл міне осындай олқылықтарды болдырмауымыз қажет. Қазір өңірде 1032 адамнан құралған 14 шұғыл әрекет ету отряды жасақталды. 440 техника жұмыстарға сақадай сай. Жанар-жағармай мәселесі де шешілген. Оның үстіне 21 мың тоннадан асып жығылатын оқшалау материалдары дайындалды.

Бүгінгі күні облыстағы Шарық, Петропавл және Сергеев су қоймалары да басты назарда. Аталған бөгеттерге мониторинг жүргізіліп тұрады. Шарық су қоймасына 2016-2017 жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл ретте Ерік Сұлтанов облыстық «Қазсушар» филиалының директоры Аманжол Қожағұловқа биыл сметалық-құжаттарды әзірлеуді тапсырды. Жиын барысында республикалық, облыстық тіпті аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын су тасқынының алдын алуға дайындау жұмыстары жайы да сөз болды.

Бейбіт Исманов – облыстық жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының жетекшісі.

-Өңірдегі облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда үш жол өтпесі, 33 көпір, 1520 жол асты су құбыры бар. Соның ішінде 10 көпірмен 230 су құбыры қазір аппаттық жағдайда. Су тасқынының алдын алуға арналып жоспар бекітілді. 86 облыстық және 93 аудандық жолардардағы учаскені су басу қауіпі бар. Біз қазір бұл жерлер жіті бақылауда ұстап отырмыз.

Ерік Сұлтанов әсіресе жол астынан өтетін су құбарларын тазалау жұмыстарына көңіл аудару керектігін жеткізді. Жиын соңында облыс әкімі комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Петропавл және аудан әкімдері көктемгі су тасқынын алдын алуда кешенді шаруалар атқарулары тиіс. Барлық каналдар мен су құбырларын тазалау басты назарда болсын. Оқшалау материалдарын бүгіннін әзірлеңіздер. Уәлиханов ауданының әкімі Аман Төрегелдинге Сілеті су қоймасын жіті бақылауына алуды тапсырамын. Ал Қызылжар ауданының басшысы Болат Жұмабеков Типличное селосындағы дамбаны қалыпқа келтірсін. Жалпы көктемгі су тасқынынан еш­кім­нің зардап шекпеуі қажет. Сондықтан бұл іске баршамыз жұмылуымыз қажет.

Сақтықта қорлық жоқ. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ерік Сұлтанов қар суымен күрес жұмыстары басты назарда болатындығын қадап айтты.

 

 

Самат Джакупов.