Денсаулық сақтау

2014 жылы СҚО медициналық мекемелер 65 жас маманмен толықты

Әсел Бисенева,облыстық балалар стоматологиясының бөлім меңгерушісі, терапевт-стоматолог-дәрігер.

-Мен оқып жүргенде, мұғалімдер қабылдау өткізетін. Менде соны қайталайтынмын. Сөйтіп, тәжірибе жинақтай бастадым.

Ал мына кабинетте Руслан Бисенев қабылдау жүргізеді. Жас маманның жұмыс орны балалар жағының макеттері, әр түрлі құрал-жабдықтарға толып тұр. Дәл осы жерде ол балаларға әдемі күлкі сыйлай алады. Яғни, Руслан бүлдіршіндердің мүжілген тісін қалпына келтіреді. Ол әкесінің жолын қуып, осы мамандықты сүйіп таңдағанын айтады.

Руслан Бисенев, облыстық балалар стоматологиясының стоматолог-ортодонт-дәрігері.

-Жалпы дәрігердің қызметі өте қызықты. Көп нәрсеге үйренесің. Ең бастысы адамдарға көмек көрсетесің. Сонымен қатар, тіс дәрігерлерінің жалақысы да жақсы.

Бұл екі маманның бірге жұмыс істеуі кездейсоқ емес. Әсел көкшетаулық, ал Руслан осы жердің тумасы. Екеуін тағдыр Қарағандыдағы медициналық академияда тоғыстырған. 6 жыл бір курста оқыпты. Жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң, отбасын құрған. Сөйтіп, өткен жылдың жазында Петропавлға көшіп келіпті.

Руслан Бисенев, балалар стоматологиясының стоматолог-ортодонт-дәрігері.

-Жас отбасы болғандықтан бізге 400 мың теңге көтермеақы берді. Бұл біз үшін үлкен көмек болды. Сосын жас жанұя ретінде үй кезегіне тұрдық. Баспананы алдағы уақытта аламыз деп ойлаймын.

Бисеневтар қазір баспананы жалдап тұрады. Балалы болсақ деп армандайды. Ұрпақтары да отбасының жұмысын жалғастырса дейді.

Жалпы бүгінде бұл жерде 7 тіс дәрігері, 18 дантист жұмыс істейді. Күнде олар жүздеген солтүстікқазақстандық жеткіншекке көмектеседі.

 

 

Бану Ахметова.