МТРА жаңалықтары

Жолдау жастар арасында қызу талқылануда

Қуаныш Мәметов, “Жастар бастамалары орталығы” МКМ жастарды қолдау бөлімінің басшысы.

-Ең алдымен осы елімізде тұрып жатқан азаматтардың барлығы өз мемлекетінің патриоты болуы керек. Нәтижесінде елінің жанашылары жұмыла көтерген жүк жеңіл болады.

Дөңгелек үстелге облыстық дін істері басқармасы, “даму” қорының өкілдері, белсенді жастар, жоғарғы және орта білім беретін мекемелердің студенттері қатысты. Кейінгі ұрпақ өкілдері Елбасының Жолдауымен жіті танысып шыққандықтарын айтады. Өйткені, стратегиялық құжат Қазақстанның экономикалық-әлеуетін арттырудағы кілт болып табылады. Яғни жастардың сапалы білім алуына, баспаналы болуына да басымдық берілмек.

Нұржігіт Мақтабаев, ҚР Ұлттық Ұлан Әскери институтының курсанты.

-Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауын оқып отырамын. Бұл жолғы жолдаумен де жіті таныстым.

Жолдаудың соңғы бағыты шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдауға арналған. Бұл орайда “Даму” қорының өкілдері өз ісін дөңгелетемін деген азаматтарға мемлекеттен үлкен қолдау барын айтып, бағдарламаларын таныстырды.

 

Бану Ахметова.