Ауыл шаруашылығы

СҚО-да тұқым сатып алуға 4 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінбек

Ғани Әбенов – “Азық-түлік келісімшарт корпорацичсы” ҰҚ” бидай ресурсы басқармасы бойынша департаментінің бас сарапшысы.

-Шарттары бұрыңғыдай қалды. 1 гектарға 6 мың теңге береміз. Ең бірінші кәсіпкер әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясынан кепілдік алып келулері қажет. Екіншіден қазагроның еншілес ұйымдары мен банктерде өтеме қарыздары болмауы керек.

Мұнымен қоса азық-түлік келісімшарт корпорациясы берешегі бар агроқұрылым басшыларына түсіністікпен қарап, алашағын төлеу мерзімін бірнеше айға ұзартты. Мәселен қарызын 1-ші ақпанға дейін қайтарса, айыппұл екі , ал бірінші наурызға дейін жапса, онда айыппұл үш пайыз болады. Бұрын бұл көрсеткіш 10 пайыз болатын. Оның үстіне шаруа басшысы енді күзде қарызын тек астықпен қайтаруы керек.

Ғани Әбенов – “Азық-түлік келісімшарт корпорацичсы” ҰҚ” бидай ресурсы басқармасы бойынша департаментінің бас сарапшысы.

-Азық-түлік келісімшарт корпорациясынан алған қаржыландыруды күзде міндетті түрде астықпен қайтару қажет. Егерде бидай бітік шықпай, жыл ауыр болған жағдайда, шарушылық басшысы корпорацияға мән жайды түсіндіріп жазбаша өтініш түсіруі керек. Содан кейін біз мәселені қарастырып, заңға өзгертулер енгізуіміз мүмкін.

Айта кету қажет қазір облыста несиесін қайтармаған шаруашылықтар жоқ емес.

Аблан Есентаев – «Азық-түлік келісімшарт коорпорациясы ҰҚ» АҚ СҚО өкілдігі директорының орынбасары.

-Бірқатар шаруашылықтар келісімшартта көрсетілгендей, 1-ші желтоқсанға дейін қарызын қайтара алмады. Жалпы бірнеше шаруашылық бар мұндай. Олардың берешегі 234 миллион теңгеге жетіп отыр. Қазір белгілікті бір себеп болса, төлеу мерзімі қазан айына дейін ұзартып отырмыз.

Кездесу барысында агроқұрылым басшылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Айта кету қажет теріскейде агроқұрылымдар мен шаруа қожалықтарына көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізу үшін, қаржыландыру жұмыстары келер аптадан басталмақ. Бұл мақсатқа 4 миллиардқа жуық қаржы бөлу жоспарланып отыр.

 

 

 

Самат Джакупов.