Құқық қорғау органдары

Облыста “Барымташы” жедел алдын алу шарасы өтуде

Шалқар Рахматуллин – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі.

-Облыс аумағында криминалдық полиция қызметкерлері “Барымташы” жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде. Шара арқылы біз мал ұрлығының алдын-алып, заңсыз ет саудасымен айналысатын тұлғаларды анықтаудамыз.

Үш күндік акция ішінде криминалдық полицейлер ет сатылатын 178 сауда орталықтарын тексерді. Нәтижесінде малды құжатсыз тасымалдаудың 6 фактісі және 40-тан астам заңсыз ет өнімдерінің тасымалы анықталды.

Шалқар Рахматуллин – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі.

-Мал ұрлығының алдын-алу үшін тұрғындарға мал қораларының есіктеріне құлып қойюға кеңес береміз. Ұрылар көбіне төрт түлікті өрістерден әкететіндіктен малды қараусыз қалдырмаңыздар. Біз көбіне барымташылық жиі орын алатын елді-мекендерді қатаң бақылауға алдық. Оған қоса тәртіп сақшылары үлкен шаруа қожалықтарының басшыларымен де түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, акция кезінде облыс аумағында полицейлер бес жылқы, алты сиыр мен он қой қолды етудің 7 фактісін ашты. Аталмыш қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен барлығы 23 адам қамауға алынды.

Бақыт Сәдуақасов облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді.