Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы азаматтарды қабылдады

Константин Дедов- ҰОС ардагері.

-Жағдайымыз жақсы, зейнетақыны уақытылы аламыз. Бірақ енді осы баспана мәселесі шешілсе екен дейміз. Өйткені қазір қызымның үйінде тұрып жатырмын. Онда өте суық.

Ерік Сұлтанов- «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі.

-Міне қала әкімі отыр. Осы кісіге келіп, барлық құжаттарыңызды тапсырыңыздар. Биыл біз ардагерлерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуіміз керек.

Кездесуде қарастырылған келесі екі сауал да осы баспанамен қамтамасыз ету мәселесі төңірегінде өрбіді. Олардың барлығы қарастырылады деді «Нұр Отан» партиясының СҚОФ төрағасы Ерік Сұлтанов. Ал жеке кәсіпкер Надежда Пушкалова қалаға жақын маңда не шаһар ішінде жас жұбайларға арналған саябақ салуды көздеп отыр. Енді сол мақсатқа жер телімі бөлінсе екен дейді. Облыс әкімі идеяны қолдап отыр. Сондықтан тез арада мәселе түйінін тарқатуды қала әкіміне тапсырды. Ал кәсіпкер Валерий Гладышев қазіргі М.Қозыбаев атындағы СҚМУ әскери кафедрасы орналасқан ғимаратты балабақша етіп жасау ұсынысын айтты.

Ал кафедраны университет аумағында орналасқан өзінің интернет кафесіне жайғастырса дейді. Ол өзіне тиесілі меншікті мемлекетке қайтару, не алмастыру жолдарын қарастыратындығын жеткізді. Бұл мәселе өңір жетекшісінің көңілінен шықты. Кейін қабылдауға Жамбыл ауданы Баян ауылының тумасы Бермет Мұстафина келді. Ол 2005 жылдан бері өзіне тиесілі пайларын ала алмай келеді. Өйткені жер телімі оның келісімінсіз шаруа қожалығына өтіп кеткен. Мәселені «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы жіті бақылауына алатындығын жеткізді. Кездесуде қарастырылған соңғы мәселе «Ракета» саяжай қауымдастығын сумен қамтамасыз етуге қатысты болды. Олардың тіршілік көзінен қағылғанына екі жыл болыпты.

Ирина Белова.

-Облыс әкімінің қабылдауына келгеніне өте қуаныштымын. Өйткені мәселе шешімін табатындығын жеткізді. Біз тариф бойынша судың текше метріне 40-70 теңге төлеуге дайынбыз. Ал «Есіл су » кәсіпорыны болса, бізге 500 теңге деп айтты. Сондықтан алдағы уақытта мәселе шешілетіндігіне ризамын.

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының 2015 жылдағы алғашқы қабылдауына барлығы 9 солтүстікқазақстандық келді.

 

 

Магжан Ахмадина.