Білім

Жаңа мектеп формасы

Кристина Григорьева- М.Айтқожин атындағы №1 жалпы білім беретін инновациялық мектептің 6 сынып оқушысы.

-Бір форма болғаны жақсы. Күнде не кием деп бас қатырмайсың. Барлығымыз бірдей киініп, ерекшеленіп тұрмайтын болдық.

Иван Медюков- М.Айтқожин атындағы №1 жалпы білім беретін инновациялық мектептің 6 сынып оқушысы.

-Маған өзім киіп тұрған киім үлгісі ұнайды. Әдемі етіп жасалған.

Заңнамаға сәйкес әр білім ошағының өзіндік киім үлгісі болуы қажет. Сондықтан, білім саласының мамандары жаңа оқу жылына дейін мектеп формасының дизайынын жасап шығару қажет.

Светалана Летучая- СҚО білім басқармасының бөлім басшысы.

-Білім ошақтарында сынып сағаттары, ата- аналармен кездесулер өткізіліп, сонда барлығына бұл жайт түсіндірілуде. Ешкім наразылық танытып жатқан жоқ. Сондықтан қазір киім үлгісін жасап, оны бізге ұсынатын кәсіпкерлерді шақырамыз.

Кәсіпкерлер өз ұсыныстарын облыстық білім басқармасының сайтында қалдыра алады.

 

 

 

Магжан Ахмадина.