МТРА жаңалықтары

“Қызылжар су” ЖШС тұтынушылары арасында ұтыс ойындарын өткізді

Бағдат Мұқанова, “Қызылжар су” ЖШС кәсіподақ ұйымының төрайымы.

-Бүгінде көпқабатты үйдің тұрғындары суды пайдаланғаны үшін негізгі қарыздарына қосымша 500 теңге, ал жеке секторда тұратындар 200 теңге төлемақы төлейді. Біз солардың барлығын осы ұтыс ойындарына қатыстырып отырмыз. Мұндай акцияны тұтынушыларын өтемақыны дер кезінде төлеуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырлып отырмыз. Бұл акцияның өтуі кәсіпорынның тұрақты дамуы үшін маңызды.

Биыл мекеменің іргесі қаланғанына 112 жыл толады. Мұндағылардың айтуынша, мұндай шара бұрын соңды өткізіліп көрмепті.

Алдымен көпқабатты тұрғын үйде тұратын баспана иелерінің арасында бағалы сыйлыққа ие болғандар анықталды. Ұтыстар тұтынушының аты-жөні мен дербес шотының нөмірі жазылған қағаздар бойынша ойнатылды.

Ирина Першина, “Қызылжар су” ЖШС бөлім басшысы.

-Бас жүлдеге “Веко” маркалы кір жуатын машина тігілді. Ол дербес шоты 205 209 нөмірінен тұратын Мир көшесі, 125 үйдің 30-шы пәтердің иесіне бұйырды. Бүгін жеңімпаз атанған 29 адамның аты-жөнін біз БАҚ-рында жариялаймыз. Қосымша тұтынушыларымыздың үйіне сыйлыққа ие болғаны жайында хабарлама парақшаларын жібереміз.

“Қызылжар су” ЖШС алда ыңғайлы күнді таңдап, марапаттау шарасын өткізбек. Сонда 29 жүлдегерді арнайы шақырып, бағалы сыйлықтарын қолдарына табыстамақ.

 

 

 

Берик Касен.