МТРА жаңалықтары

«Сбербанк» АҚ биыл дипозиттің жаңа екі түрін енгізді

Сергей Слюнько -Петропавл қаласындағы «Сбербанк» АҚ ЕБФ «Привакзальный» құрылымдық бөлімшесі филиалының сату бойынша менеджері.

-Ұжымымыз жақсы. Банк клиенттеріне көптеген қызмет көрсетіміз. Ал олар өз кезегінде қуанып, риза болып жатады. Бізге маңыздысы осы.

Бүгінгі күні Сбербанктің Петропавлдағы филилалы солтүстік қазақстандықтарға бірнеше қызмет түрін ұсынады. Мәселен аталмыш қаржы институтында депозиттің төрт түрін ашуға болады. Оның екі түрі биыл енгізілді.

Елена Малыш – Петропавл қаласындағы «Сбербанк» АҚ ЕБФ «Привакзальный» құрылымдық бөлімшесі филиалы жетекшісінің орынбасары.

-«Арттыру» және «Басқару» депозиттеріне қаржыны қазақстандық теңгемен қатар, АҚШ доллары, Евро және Ресей рублі валюталарында салуға болады. Алғашқысы үш жылға ашылып, максималды сыйақы мөлшерлемесі жылына 10 пайызды құрайды. Ал «Басқару» дипозитінің ерекшелігі ондағы қаражатты кез-келген уақытта жылдық үстемақы мөлшерін шешіп алуға болады.

Бүгінгі күні нақ осы дипозиттің екі түрі бойынша 300-ден астам солтүстікқазақстандық есепшот ашқан екен. Айта кету қажет үстіміздегі жыл Сбербанк нумизматтары үшін жағымды жаңалыққа толы. Бүгінгі күні мұнда 200-ден астам түрлі бағалы металлдан жасалынған шақа бар.

Елена Малыш – Петропавл қаласындағы «Сбербанк» АҚ ЕБФ «Привакзальный» құрылымдық бөлімшесі филиалы жетекшісінің орынбасары.

-Өңір тұрғындары бұл тиындарды көптеп сатып алуда. Олар молшылықтың, табыстың символы іспеттес. Мысалы қызметтес серіктестігіңе «Айлы жыл. Айдаһар» деген мынадай монетаны сыйлауға болады. Жаңа жылға арналып, «Қой жылы. Байлық» деген монета жарыққа шықты.

Бұл құнды заттар жора-жолдастарыңа таптырмас сый болары сөзсіз. Жақын арада аталмыш қаржы инсттитутында түрлі салмақтағы алтын құймалары сатылымға түспек.

 

 

 

Самат Джакупов.