Билік

Әкімдердің халық алдындағы есептік кездесулері жалғасуда

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Биыл бізде Қазақстанның жоғары лигасында ойнайтын хоккей құрамасы жасақталады. Бұрындары Петропавлдың командасы спорттың бұл түрінен көш басында жүретін. Сондықтан алда жоғары сатылардан қайта көрінуміз керек. Ол үшін жағдай жасалып жатыр. Облыс орталығында жабық мұз айдыны салынуда. Әр ауданда осындай кордтар пайдалануға берілуде.

Әкімнің есептік кездесуі ауылдағы мектепте өтті. Оған жергілікті тұрғындар қатысты. Қайыргелді Байтақов Золотая нива селолық окрігін 2014 жылдың қараша айынан басқарып келеді. Қазір ауылда дәріхана, медпункт, пошта, дүкен сынды қажетті нысандар жұмыс істеп тұр.

Қайыргелді Байтақов – Золотая нива селолық окрігінің әкімі.

-Биыл село ішіндегі жолдарды қалыпқа келтіруге республикалық бюджеттен 800 000 теңге бөлінді. Бұл қаражатқа үш көшедегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында Қайрат Пішенбаев баяндама жасады. Ауданда ауыл шаруашылығына баса назар аударылғандығы байқалады.

Қайрат Пішенбаев – М. Жұмабаев ауданының әкімі.

-2014 жылы 26,8 миллирд теңгенің ауылшаруашылығы өнімі шығарылды. 358,3 мың гектарға дәнді дақыл егілді. Сыбаға бағдарламасы бойынша тоғыз жоба жүзеге асты. Осылайша жоспар 109 пайызға орындалды. Құлан -208, ал алтын асық бағдарламалары 18,4 пайызға орындалды.

Өткен жылы ауданда 10 кәсіпкерлік нысаны ашылған екен. Құрылыс саласы да қарқын алған. Былтыр жалпы аумағы 3324 шаршы метрді құрайтын 24 тұрғын үй халық игілігіне беріліпті. Ауылдарға таза ауыз су беру мәселесі шешілген. Аудандағы 69 елді-мекеннің 64-і «Есіл» су топтық су құбырына қосылған. Көпті алаңдатқан жолдар да қалпына келтіріліп, жыл өткен сайын мәселенің күрмеуі тарқатылуда.

Қайрат Пішенбаев – М. Жұмабаев ауданының әкімі.

-2014 жылы ауданның автомобиль жолдарын жөндеуге жергілікті бюджеттен 25,5 миллион теңге бөлінді. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша ел қазынасынан 16,8 млн теңгеге Булаев қаласының жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал өңірлерді дамыту бағдарламасы арқылы 13 ауылдық округтің ауылішілік жолдары жөнделді.

Билік пен бұқарының кездесуінде тұрғындар тарапынан жазбаша да ауызша да сұрақтар көп болды. Әркім өзін толғандырған сауалдарын қойды.

-Болашақта селода мектеп пен балабақша жұмыс істейтін болады ма? Жабылып қалмайды ма? Себебі мен болашақта осы ауылға отбасыммен көшіп келуді жоспарлап отырмын.

-Қазір білім ошағында 45 оқушы білім алуда. Негізінде орта мектеп болып қалу үшін 81 тәлімгер болуы қажет. Бұл білім және ғылым министрлігінің талабы. Болашақта басқа ауылдардан азаматтар көшіп келетін болса, мектептің сақтап қаламыз. Ал балабақшаға қатысты ешқандай проблема болмайды.

Кездесуде жергілікті серіктестікте қызмет етіп жүрген жұмысшылар жалақылары мен пайларын уақытылы ала алмай отырғандығын айтты.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Еңбек кодексі сақталуы қажет. Мен сіздердің аймақтарыңызға облыс аппаратын алып келдім. Олар тексеріс жұмыстарын жүргізетін болады. Әр қызметшіде келісімшарт болуы міндетті. Еңбекақысы, демалыс бәрі талаптарға сай болуы шарт.

Істің насырға шапқандығы соншалық, тұрғындардың серіктестік басшысына өкпелері қара қазандай. Бұл ретте облыс әкімі Ерік Сұлтанов арнайы комиссия құрып, мәселенің ақ-қарасын анықтайтын боламыз деді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Алыстағы ауылдардың жағдайын көрейін деп сіздерге келіп отырмын. Аудан да әлі жұмыс көп. Мал, өсімдік шаруашылығын қолға алып, жандандыруымыз қажет. Бірқатар бағдарламаларды орындауға қатысты, қарқынды жұмыс атқару керек. Инвестиция тартып, көтерілген мәселелерді бірлесе шешкеніміз абзал.

Бұдан соң облыс әкімі Ерік Сұлтанов осы сұраққа қатысты тұрғындарды жеке қабылдады. Ал халық болса мәселелер шешілтініне сенімді.

-Кездесуде бізді толғандырған сұрақтар көтерілді. Болашақта шешімін табады деген үміттемін.

-Проблемаға облыс әкімі аралысып жатыр. Сондықтан олқылықтың орны толады деген ойдамын.

Самат Джакупов – тілші.

-Золотая Нива селосы облыс орталығынан 200 шақырымдай жерде орналасқан. Қазір ауылда 300-ге жуық үй түтін түтетіп отыр. Алайда тұрғындар пайларын әлі күнге дейін ала алмауда. Бұл мәселеге қатысты Ерік Сұлтанов қазір жеке қабылдау жүргізіп жатыр. Облыс әкімі проблемалар алдағы уақытта шешіледі деп сендірді, тұрғындарды.

 

Самат Джакупов.