МТРА жаңалықтары

Қазақстанда некелерін қиған көпұлтты отбасылар

Сонда болашақ зайыбы, орыс қызы Ольгамен танысады. Бірге шаңырақ көтеруді шешеді. Бірақ алғашында екі жастың бас қосуына қайын жұрттары қарсы болып, кейін қос ғашықтың бір-біріне ынтызарлығын көргендіктен баталарын берген. Отағасы Сабри Курткая бастапқыда орыс тілін түсінбей қасына аудармашы ертіп жүреді. Зайыбы Ольгамен отасқан 4 жылдың ішінде тілді қажетті деңгейде меңгеріп алыпты. Ол Қазақстанға келгеніме еш өкінбеймін, осында өз орнымды, бақытымды таптым дейді.

Сабри Курткая, жеке кәсіпкер, сән салонының шебер-стилисті.

-Казақ елінде әзірбайжан, шешен, түрік, орыс сынды барлық ұлттар келісімде, бірлікте тұрып жатыр. Және қонақжай әрі мейірімді қазақ халқы осыған түсіністікпен қарайды. Бұл елде әр адам ұлтына қарамастан отбасын құрып, өз кәсібін ашып, бала өсіруге мүмкіндіктер жасалған. Менің соған көзім жетті.

Ольга Курткая түрік ұлтының жігітін бір көргеннен ұнатқан. Ол бүгінде өз отбасын еліміздің шағын үлгісіне балайды.

Ольга Курткая, Сабри Курткаяның зайыбы.

-Мен елімізде Қазақстан халқы ассамблеясы сияқты бірегей институттың барына қуанамын. Міне, Елбасының салиқалы саясатының арқасында елде бейбіт заман орнады, әр ұлттың өкілі салт-дәстүрі, мәдениетін сақтап, оны дамытуға мүмкіндік алды. Ешкімнің болмысы мансұқталмайды. Мен соның бәрін көріп, осы елде тұрып жатқаныма, бала-шағамды Қазақстанда өсіріп жатқаныма қуанамын.

Сабри мен Ольга бүгінде София мен Джейлин есімді екі қызды тәрбиелеп отыр. Олар бауыр еті балаларына бар асылын беріп, кішкентайлары келешекте полимәдентетті тұлға болып өсуін армандайды.

София Волонцевич.

-Әкем мен анамның ұлты, дәстүрі бөлек болса да, олар бір-бірін жақсы түсінеді. Олар менің әр халықтың тілін қастерлейтін адам болуымды қалайды. Мен бүгінде би үйірмесіне барамын, бірнеше тілдерді үйреніп жүрмін.

Сабри мен Ольга Курткая Петропавл қаласында жеке сән салонын ашып, отбасылық бизнеспен айналысып жатыр. Сабри Курткая осында неше түрлі шаш үлгілерін жасаудың шебері.

Сабри Курткая, сән салонының шебер-стилисті.

-Бұл жеке сән салонымды ашқаныма 3 ай болды. Қазір мұнда 4 адамды жұмысқа алдым. Өзім осында қожайынмын. Жұмыс кестесін өзім құрамын. Керек десеңіз шаштың неше түрлі үлгісін жасаймын. Одан қалды шаш әдемі көлемге ие болу үшін оны отпен түзеймін. Мені қаланың біраз тұрғындары танып қалды. Келіп тұрады. Мен өз орынымды осы елден таптым. Жанұям қасымда, көптен армандаған ісіммен айналысамын. Мен бақытты жанмын.

Сабри Курткая келешеке үмітпен қарайды. Алдағы уақытта сәтін салса, мемелкеттік бағдарламалардың біріне жүгініп, өз ісін өркендетпекші.

 

 

Берик Касен.