Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Жоспарлар ауқымды. Баршасының болашағы зор. Игорь Овчинников Аққайың ауданында целлюлоза және картон дайындайтын инновациялық зауыт құруды көздеген. Кәсіпорын қолданысқа берілсе, 30 жұмыс орны ашылмақ.

Игорь Овчинников, «Торе-Чингизид Л.Т.Д.» құрылтайшысы.

-Кәсіпорын ашылса, жылына 3,5 мың тонна өнімді өндіреміз деп жоспарлап отырмыз. Біз целлюлоза жасау үшін ағашты пайдаланбаймыз. Дәнді-дақылдардың қалдықтарынан өндіреміз.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жобаны мақұлдап, құрылыс жұмыстары мамыр айында басталатын болды. Өңірлік үйлестіру кеңесінде Андрей Калиничевтің де бизнес жоспары қолдау тапты. Сөйтіп, ағымдағы жылға Петропавлда энергетикалық құрылғыларды жасау жоспарланды. Бұдан кейінгі жол саласын дамытуға бағытталған екі жоба қаралды. Анатолий Технерядов инновациялық материалдарды өндіретін кәсіпорын кешенін ашуды көздейді. Облыс әкімі жобаның келешегі зор екендігін атап өтті.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Бұл қажетті жаңа метериалдардың сапасы жоғары болатынына сенімдімін. Өйткені, мұнда жаңа технологиямен дайындалады. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін бастау керек.

Сонымен қатар Петропавлда асфалтобетонды қоспа жасайтын өндіріс ошағының жобасы да мақұлданды.

Игорь Гришанов,«Фирма Универсал» ЖШС құрылтайшысы.

-Жоба толықтай қаржыландырылды. Соммасы шамамен 600 млн теңге. Қазіргі күні қосымша қаражат энертік материалды дайындауға қажет. Содан соң мамыр айында толықтай қуатта жұмысты бастаймыз.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Бұл жаңа технология. Асфальтобетонды жасайтын жаңа қоспа. Қазір барлығы ыстықпен емес жылы авфальтобетонды қоспа дайындауға көшуде. Бұның сапасы жоғары болады.

Егре республикалық деңгейде қолдау тапса, жақын арада өңірімізде тағы да отын түйіршіктерін әзірлейтін, үй салуға арналған каркастық-панельдік темібетонды бөлшектер дайындайтын және сүт өнімдерін шығаратыне өндіріс орндары пайда болмақ. Соңғысы Тайынша ауданында ашу межеленген.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-50-20-30-40 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін барлық деңгейдегі жобаларды қолдау керек. Өйткені біздің облыста сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындар жоқтың қасы. Сондықтан біз Ясная полянада ірі зауыт салуды жоспарлап отырмыз. Бұл бастаманы Ақжар, Уәлиханов аудандарында да қолға алу керек.

Жиынның соңында барлық жобаларды индустриаландыру картасына енгізу керек деген шешім қабылданды.

 

 

Бану Ахметова.