Без категории

Ленинград қоршауының бұзылғанына 71 жыл

Мария Панасюк, ҰОС ардагері.

-Басында 125 граммнан нан беретін. Бірақ, ол жейтін нанға ұқсамаушы еді. Қандай ұннан пірісілгені түсініксіз. Сөйтіп, көп ұзамай қала тұрғындары аштықтан қырыла бастады.

Мария Александровнаның әкесі мен ағасы майданға аттаныпты. Анасы, сіңлісі мен інісі көз алдында аштықтан қаза тауыпты. Сөйтіп, ол жау қоршауындағы қалада жападан-жалғыз қалады.

Мария Панасюк, ҰОС ардагері.

-Есімде мен бір бұрышта отырдым. Ойымды енді не істеймін деген сұрақ мазалады. Маша тәтеге рахмет. Ол ұлттық жасақтың отрядында болатын. Маша тәте үйіме келді. Не болғанын сұрағанда, мен оған көмекші ретінде алуын жалындым.

Осылайша, Мария Александровна ұлттық жасақтың отрядына тап болады. Ең жас екендігіне қарамастан, ол өзіне жүктелген қызметті бар жауапкершілікпен атқара бастайды. Оттықтарды сөндіріп, шатырда кезекшілік етеді. Осындай кезекшіліктің бірінде жаралған қыз госпитальде бірақ көзін ашады. Сол жерде жау қоршауының бұзылғанын естейді.

Мария Панасюк, ҰОС ардагері.

-Санитар әйел келіп, қатты айғай салды. Қыздар! блокада бұзылды деді. Бәріміз таңырқап, қуанғанымыздан бір-бірімізді құшақтай бастадық.

Бұдан соң, өмір сүру жеңілдеді дейді Мария Александровна. Сөйтіп, ол әскери зауытқа токарь болып орналасады. Бірақ, бар көрген қиыншылықты ұмыту оңай болмайды. Сондықтанда бұл жерден кетуге шешім қабылдайды. 53 жылы Мария Панасюк Петропавлға көшіп келеді. Осында жұмысқа орналасып, қоғамдық өмірге белсене араласқан. Қалалық кеңестің депутаты, 20 жыл сотта қызмет еткен. Қазіргі күні кейуана қол қусырып отырған жоқ. Үй шаруасымен айналысады. Балалары да көмекке келіп тұрады екен. Енді, қария немере мен шөберелерінің қызығына тоймай жүр.

 

 

 

Бану Ахметова.