МТРА жаңалықтары

Азаматтарды тіркеу мен құжаттағы қателіктерді жою жайы талқыланды

Еркетай Тұтқышев – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы.

-Қазіргі күні азаматтарды тіркеу мен құжат айналымында бірқатар олқылықтар кездесуде. Сондықтан да осы кемшіліктердің орнын толтыру үшін бүгінгі семинарды ұйымдастырып отырмыз. Жиында оларға электронды құжатты рәсімдеу мен төлқұжат немесе жеке куәлікті жасау жайы кеңінен түсіндірілді.

2014 жылы көші-қон полициясы мамандарының қарауына 48 мың 269 арыз келіп түскен. Нәтижесінде 16 мыңнан астам төлқұжат пен 35 мыңға тарта жеке куәліктер жасалған. Сонымен қатар тұрғылықты мекен-жай бойынша 35 жарым мың азамат тіркеліп, тағы 7 мыңнан астамы тіркеуден алынды. Бұндай жұмыстардың барысында олқылықтарға жол берілетін көрінеді.

Әсет Қайыржанов – СҚО бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалы директорының орынбасары.

 

-Аталмыш семинар кеңестер менің ойымша керек-ақ. Бүгінгі кездесуде біз көптеген жаңашылдықтармен танысып, тәжірибемен алмастық.

Сондай-ақ, кездесуде мамандар көші-қон туралы заңнамаға енгізілген өзгертулер және толықтырулармен танысты. Олар бұл білімдерін іс жүзінде қолдануға әзір. Келесі мұндай жиынды сәуір айында өткізу жоспарланды.

 

Бақыт Сәдуақасов облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді.