МТРА жаңалықтары

Жемқорлыққа қарсы күрес

Арман Құсанов, СҚО прокурорының көмекшісі.

-Біздер әрдайым сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы жұмыстарды жүргіземіз. Өткен жылы бармақ басты, көз қыстылыққа жол берген азамттардың 77 пайызына тәртіптік жаза қолданылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

Жемқорлық мәселесі бәріне ортақ проблема. Оның алдын алу үшін өткен жылдың аяғында “Нұр Отан” партиясының төрағасы, Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы” қолға алынған болатын. Аталған жоба әлеуметтік зұлымдықтың тамырына балта шабуды көздейді.

Ақжүніс Мұсырман, “Нұр Отан” партиясының СҚОФ партиялық бақылау инспекторы.

-Желтоқсан айында осы бағдарламаға байланысты жүргізілетін іс-шаралардың жол картасы белгіленді. Бұл жол картасы негізінен 5 бағыт бойынша іске асырылады.

Бас қосуда мемлекеттік жұмыста жүргендердің қызмет бабын асыра пайдаланатыны айтылып, мысалдар келтірілді. Мамандардың сөзінше, сыбайлас жемқорлыққа жол берген “Нұр Отан” партиясының 41 мүшесі де жауапқа тартылып, 12-сі партиядан қуылған.

Жиын барысында автокөліктерді сатып алғанда оны тіркеуге қою жайы да сөз болды. Бұл сақтық үшін қажет дейді мұндағылар. Кейде айдап әкеткен көліктер, қайта сатуға қойлып жататын жағдайлар кездеседі. Алдағы уақытта жемқорлыққа жол бермеу үшін партия мен құзырлы орган өкілдері мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерімен қоян-қолтық жұмыс істеуді көздеуде.

 

 

Бану Ахметова.