МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар мәуліт мерекесін атап өтті

Мұхаммед пайғамбардың туған күні ислам дінін ұстанушылар үшін қасиетті мерекелердің бірі болып саналады. Оның тарихы өте тереңде жатыр. Мереке бір ай көлемінде аталып өтіледі. Жиналғандарды тәрбиелік маңызы зор, ұлық мерекемен өңір жетекшісінің атынан орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

Анархан Дүйсенова, СҚО әкімінің орынбасары.

-Елбасымыздың бастамасымен елімізде жүргізіліп келе жатқан конфесияаралық келісімді нығайту саясаты халық арасынан қолдау көріп, әрбір қазақстандықтың дәстүріне айналды. Бұл іс-шаралар бір шаңырақ астындағы түрлі ұлт өкілдерінің бірілігін нығайта түсуде. Солардың бірі мәуліт мерекесі.

Бұл меркеге айтыскер ақын Арман Бердалин де қатысты. Ол жастарды ел арасына бүлік, іріткі салатын зымияндардан сақ болуға шақырды.

Арман Бердалин дінге бет бұрамын деп, арам пиғылды ағымдардың жетегінде кетіп жатқан жастардың аянышты тағдыры жайлы да сөз қозғады.

Арман Бердалин.

-Өзінің дәстүрін ұмытып, тек қана таза дінмен кетемін деген арабтың дәстүрін кіргізіп, өзінің саяси көзқарасын біздің мемлекетімізге араластырамыз деген қаншама топтар болды. Бірақ біздің кешегі бабаларымыз дінді қатаң ұстанып, әрбір сөзі, мақал-мәтелін пайғамбардың хадисімен, Алланың кәлібімен қатар өрбіп отырған. Біз осы дәстүрімізден айрылып қалмауыз керек.

Бұдан кейін жергілікті актерлер өмірінің соңында Алланың құдіретін түсініп, ислам дініне бет бұрған Тұба патша туралы шағын көрініс қойды. Кейін студент жастар Аллаға мадақ пен монолог оқып, оқушылар Мұхаммед пайғамбардың хадистерін жатқа айтты. Мәуліт мерекесінде Мұхаммед пайғамбардың құрметіне тұрмысы нашар жандарға қайырымдылық жасалады.

– Дүйсенбі, бейсенбі күні Пайғамбарымыз Мұхаммедтің құрметіне ораза ұстаймыз. Осындай тыныш күндерді ұрапақтарға Алла нәсіп қыла берсін.

– Ниетіміз қабыл болсын, тілегіміз дұрыс болсын. Келер рай, келер жылда жастар аман болып, соғыс болмай қызық-қуаныш бола берсін. 2015 жыл қой жылымыз қой сияқты семіз болып, Алла жерге өсімдік берсін!

-Мен қайын енелерімнен үлгі алып, қазір ұлдарымды қайырымдылыққа булимын.

Мерекелік шара 2 сағатқа жалғасты. Одан кейін тұрғындар жәшікке бітір-садақаларын салып, жаюлы дастарханан ас ауыз тиді.

 

 

 

Берик Касен.