МТРА жаңалықтары

Құтқарушылар жылды қорытындылады

Әсет Ысмағұлов- СҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы.

-2014 жылы 812 өрт оқиғасы тіркелді. Келтірілген шығын көлемі- 119 млн. теңгеден асып жығылады. От 47 адамның өмірін жалмаған. Ал 38 солтүстікқазақстандық су құрбаны болған. Бүгіндері төтенше жағдайлар саласында 900-ге жуық адам еңбек етеді. 130-дан астам арнайы өрт сөндіру техникасы бар. Қазіргі күні құтқарушылар көктемгі су тасқыны науқанына қызу дайындалуда.

Қазір құтқарушылар солтүстіктің аязында жолда қалып қойып жатқан тұрғындарға да көмек көрсетуде. Қыс түскелі өңір жолдарында осындай 47 оқиға тіркеліпті. Қар құрсауынан 68 автокөлік шығарылып, 211 адамның өмірі құтқарылыпты. Жиынға қатысқан ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Серік Әубәкіров «Азаматтық қорғаныс жайлы» қабылданған жаңа заң туралы айтып кетті. Онда бұрындары төтенше жағдайлар саласында қолданылып келген 6 заңнама біріктірілген екен.

Серік Әубәкіров- ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.

-Өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, апаттық-құтқарушылар және жалпы құтқарушылар статусы жайлы заңнамалар бірікті. Ол құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайлар кезіндегі жауапкершілігін арттыруға септеседі.

Қазір төтенше жағдайлар саласы ішкі істер министрлігімен біріктілді. Соған сай жұмыс жаңа бағытта жүргізілмек.

 

 

 

Магжан Ахмадина.