Билік

Петропавлда мемлекеттік жекеменшік әріптестіктің арқасында балабақшалар саны артып келеді

Сайран Испандиярова – Петропавл қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту секторының меңгерушісі.

-Аталмыш серіктестік жеке қаражатына алғашқы балабақшасын 2009 жылы ашқан болатын. Ал 2013 жылы олар «Балапан» бағдарламасына жүгінуде. Бір қуантарлығы жыл санап, Петропавлда мұндай орталықтардың саны артып келеді.

Орталықтың тыныс-тіршілігімен облыс әкімі Ерік Сұлтанов танысты. Бүлдіршіндердің толыққанды білім алуларына мұнда барынша жағдай жасалған. Тәрбие жұмыстары үш тілде жүргізіледі. Жатын, оқыту, ойын бөлмелері де бар.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Елбасының қолдауымен балабақшалар ашылып жатыр. Оны көріп жатырсыздар. Биылғы жылы біз 1000 бүлдіршінді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етеміз бе деп ойлап жатырмыз. Оның бәрі жекеменшік инвестиция болмақ. Соларды жүзеге асырып, бүкіл жоспарымызды уақытылы орындаймыз.

Балабақшаның үй маңынан ашылғанына Айнагүл Сауытбекова да қуанышты. Себебі мұнда оның 4 жасар баласы тәлім алады.

Айнагүл Сауытбекова – Ата-ана.

-Мемлекетіміздегі бизнесмендердің, кәсіпкерлердің әлеуметтік салаға көңіл бөліп жатқанына қуаныштымын. Әсіресе еліміздің болашағы, қазіргі балапандарымыз үшін үлкен жетістік. Осы абвгдейка орталығына болашақта тілерім – әрдайым білімнің биік шыңынан көрінсін. Елбасының саясатын жүзеге асыруда қамқоршылық көрсеткендеріңізге алғысымды білдіремін.

Жеке кәсіпкер Ольга Жаркова болашақта ғимарат аумағын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Жалпы бүгінгі күні оның екі бірдей балабақшасында 175 бала тәрбиеленуде.

Ольга Жаркова – «АБВГДЕЙКА» ЖШС директоры.

-1,5 жыл бұрын осы ғимартты сатып алған болатынбыз. Содан ішіне жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Даму қоры субсидия бөлді. Негізінен мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Енді келер жылы үлкен музыка залы мен театр студиясын ашуды ойлап отырмыз.

Қазір мемлекет кәсібін дөңгелетіп, нәсіп табамын дегендерге мейлінше жағдай жасайды. Айта кету қажет, бүгінде Петропавл қаласында 6 балабақша мен 5 шағын орталық мемлекеттік жекеменшік әріптестіктің арқасында ашылған. Дегенмен, облыс орталығында балабақша кезегінде 11 мыңға жуық бүлдіршін тұр.

 

 

Самат Джакупов.