МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламаларды тұрғындар арасында кеңінен насихаттау ісіне 2-деңгейлі банк менеджерлері ат салысуда

Республикалық байқаудың шарты бойынша олар 7 не одан да көп шағын және орта бизнес өкілін несиелендіріп, оларға “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдігін беру қажет болатын. Бұл талапты барлығы 7 үміткер орындай алды. Соның ішінде “Қазақстан халық банкі” АҚ менеджері Светлана Суркова мен “Ресей жинақ банкі” АҚ ЕБ қызметкері Максим Кунгурцев бар. Олар өз ісін ашуға қаражаты жетіспеген 14 кәсіпкерге “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдендіру тетігін ұсынған. Өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін жеңімпаздарға аймақ жетекшісі Ерік Сұлтановтың алғыс хаты, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының грамотасы мен соңғы үлгідегі смартфон табысталды.

Максим Кунгурцев, “Ресей жинақ банкі” АҚ ЕБ шағын бизнесті несиелендіру бөлімінің менеджері.

-“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры ұсынған кепілдікпен қамтамасыз ету тетігі әсіресе, өз ісін ашқысы келетін кәсіпкерлерге ыңғайлы. Мен осы кепілдердіру инструменті бойынша 1 жылдың ішінде қаражаты жетіспеген 7 кәсіпкерге “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры ұсынған кепілдік жайында кеңес беріп, оларға несие бердім. Осылайша, мен “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасының сәтті жүзеге асуына тамшыдай болса да өз үлесімді қостым. Тиісінше, еңбегім бағаланып жатқанына қуаныштымын.

Бүгінде шағын және орта бизнес өкілдері “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасындағы қаржыландыру тетігін ұтымды пайдалануда. Алайда, біразы мемлекеттік бағдарлама бойынша “Даму” қоры арқылы кепілдікке несие алуға болатынын білмейді. Бұл 2-ші инструмент әсіресе, өз ісін ашуға қаражаты жетіспей жүрген кәсіпкерлер үшін қолайлы.

Алмат Нұрахметов, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры СҚО бойынша аймақтық филиалының директоры.

-Бүгінде “Бизнестің жол картасы” бағдарламасында қаржыландыру және кепілдендіру сынды 2 инструменті бар. Алайда, елімізде соңғысы, яғни несиені кепілдікке беру тетігі кенжелеп қалды. Сондықтан біз оны тұрғындар арасында танымал ету мақсатында осындай “Жетістікке жетуге кепілдік береді” республикалық байқауын ұйымдастырдық. Бұл акцияда шағын және орта бизнес нысандарын кепілдікпен қамтамасыз ету көзделген.

2014 жылы өңіріміздегі 2-ші деңгейлі қаржы институттарында жалпы саны 39 кәсіпкерге “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры ұсынған кепілдеме берілді. Бұл республика бойынша 2-ші көрсеткішті көрсетіп отыр.

 

Берик Касен.