Білім

Былтыр есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатына “Жылдың үздік мекемесі” құрметті атағы берілді

Бүгінде білім ошағында 67 дефектолог жұмыс істейді. Оның 39-ы сурдопедагог. Әрбіреуіне жеке-жеке тапсырмалар жүктелген. Осындағы мамандар баланың дамуында әсіресе 1 мен 3 жас аралығындағы уақыт ерекше маңызды дейді.

Наталья Пургина, Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының сурдопедагогі.

-Балғындар түзету кабинетіне қорықпай келеді. Біз балғындар әріпті танып, дұрыс сөйлеуін бақылап отырамыз. Сондай-ақ, олардың ата-аналарына да балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде кеңес береміз.

Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатына былтыр “Жылдың үздік мекемесі” құрметті атағы беріліп, олар еліміздегі алдыңғы қатарлы 50 орта және жалпы білім беретін оқу ошағының қатарынан табылды. Сондай-ақ, аталмыш мекеменің директоры Жангелді Тәжин 2014 жылы “Еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкер” орденіне ие болды.

Жангелді Тәжин, Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының директоры.

-Бұл мектеп ұжымының педагогикалық жұмысының нәтижесі. Бұл рейтингке ену үшін біздің мекеме жайында газет беттерінен, телевидиния жаңалықтарынан мол мағлұмат жинақталып барып жасалған. 9-06 Бізге өткен жылы демеушілерден 1 млн. 200 мың теңге көмек көрсетілді. Дүние-мүлік бойынша 3,5 млн теңгеге жуық демеушілер тарпынан көмек көрсетілді.

Бүгінде 70 жылдық тарихы бар мектеп-интернатында 140 бала тәлім алады. Қазір олар есту кемістігін түзеп қана қоймай, сонымен қатар спорт пен өнерге бейімделіп жатыр.

 

 

Берик Касен.