МТРА жаңалықтары

Үй ішіндегі шағын мұражай

Бауыржан Құлжанов – қазақ күресінен спорт шебері, Петропавл қаласының құрметті азаматы.

-Өзіміз сол заманда тәрбие алғанбыз. Одан қалды партия мен комсомолда істедім. Бүгінгі күнде соның істеген ісі былайша алып қарағанда тарих, ел тәуелсіздігіне де 23 жыл толды. Енді оның істеген жұмысы мен идеологиясы көп деп ойлаймын.

Сондай-ақ, бұл кабинет қабырғасында ағамыздың кеден саласында еңбек жолынан сыр шертер фотосуреттер ілулі. Бауыржан Құлжанов ағамыздың келесі бір бөлмесі, киіз үй іспеттес жасалған. Мұндағы заттардың бірін дос-жарандары сыйға тартса, ал келесілері жеке тапсырыспен орындалыпты. Бұйымдардың әрбірі ағамызға қымбат.

Бауыржан Құлжанов – қазақ күресінен спорт шебері, Петропавл қаласының құрметті азаматы.

-Мына қазір балалар білуге тиісті, өзінің мұсылман екендігін. Өзінің әке-шешесін, тарихын білуге тиісті. Ол жақсы тәрбие деп ойлаймын. Мен мұндай киіз үйді Тараз қаласында көрдім. Бір жолдасымның үйіне барған едім. Сонда 6 жасар немересі 7 атасын айтып берді. Ал біздер ондайды үйретпейміз.

Келесі қабатта ағамыздың өмірі мен еңбек жолындағы сәттер мен маңызды құжаттарды кездестіруге болады. Тіпті үй ішінде, ағамыздың өзінің шағын мұражайы да бар. 62 жасар азамат үшін мұндағы жәдігерлерді көзінің қарасындай сақтап келеді. Ол жеке мұражайды жастық шағымның, өмір жолымның айнасы деп біледі.

Бауыржан Құлжанов – қазақ күресінен спорт шебері, Петропавл қаласының құрметті азаматы.

-Көп құжаттар мен материалдар бар. Спорт, күрес туралы. Комсомол кезінің, партия кезінің. Мен шет мемлекеттерде өткен 7 олимпиада ойындарында болған едім. Сосын кеден саласында істеген кезім, қазір тарих болып кетті ғой. Соны бәрін қалдырайын дедім, болашақ ұрпақтарым бар ғой, ұлдарым, немерелерім бар.

Мұнымен бірге Петропавл қаласының құрметті азаматының үйі сыртында кеден саласының туы желбіреп тұрса, ал қоршау маңында Ленинге арналған шағын ескерткіш орналасқан.

 

 

Бакыт Садуакасов.