МТРА жаңалықтары

Тыл еңбеккері Рива Крымская 90 жасқа толды

Алма Садвакасова – ПҚЭК директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары.

-Рива Израиловна адамгершілігі мол, қайырымды адам. Бүгінде оны әріптестері де, студенттері де ұмытпай еске алып тұрады. Колледж ұжымы біздің білім ордамызда осындай адамның қызмет еткеніне өте қуанышты. Рива Израиловнаның туған күнінде тек қана бақыт тілейміз.

Сұрапыл соғыс жылдары Рива Израиловна 18 жасында майданға аттанып, Свердловск облысында әскери тұтқындардың лагерінде аға хатшы болған. Қария сол зұлматты кезеңдерді бүгінде толғаныспен еске алады.

Рива Крымская – тыл еңбеккері.

-Ол жылдары жағдай нашар болды. Бізге анықтамалар әкелетін, мен солдаттар туралы ақпараттар жинақтайтынмын. Соғыс аяқталды, Кеңес әскері жеңіске жетті дегенді жариялағанда барлығы қуаныштан аспанға оқ жаудырды. Жазғы асханада жиналып, ән айтып, би биледік. Барлығы қуанды.

Рива Израиловна Қазақстанға соғыс аяқталғаннан кейін көшіп келіпті. Бүгінде ол облыс орталығында екі бөлмелі пәтерде жалғыз тұрады. Қарияның балалары жоқ екен. Бірақ кейуананы облыстық еврей қауымдастығы жалғыссыратпай, жұмасына үш рет қал-жағдайын білуге келіп, өз көмектерін көрсетеді.

 

 

Риат Шони.