МТРА жаңалықтары

“Бала – басты жолаушы” жолда қабылдау акциясы өтуде

Осыған байланысты өңір полицейлері “Бала – басты жолаушы” атты жолда қабылдау акциясын өткізуде. Бүгін шара барасында бірнеше автокөлік жүргізушілері тоқтатылып, оларға 12 жасқа дейінгі балаларды автоорындықтарда алып жүру керектігі түсіндірілді.

1 баланың әкесі Аменгелді Беканов бүлдіршіндерді арнайы автокөлікпен алып жүрсе, әлде қайда қауіпсіз болатынын айтады.

Амангелді Беканов.

-Полицейлер балаларымызды арнайы автоорындықтарда алып жүру керектігін түсіндірді. Бұл заңның қолға алынғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, тек жеткіншектеріміз үшін ғана емес, біз үшін де өте қауіпсіз болады. Сондықтан барлық автокөлік жүргізушілеріне балаларына арнайы қауіпсіздік құрылғыларын алуға кеңес беремін.

Заңды елемегендер 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлемек. Сонымен қатар бала автокөліктің артқы жағында отырса, оларды тек автокөліктердегі қауіпсіздік белбеулерімен де алып жүруге болады.

Алтынбек Тиштыбаев, ӘПБ ІІД СҚО әкімшілік тәжірибе бөлімі бастығының орынбасары.

-Бойы 135 жоғары және салмағы 36 болатын балаларды көліктегі қауіпсіздік белбеуімен алып жүруге болады. Тек алдынғы орындықта отыратын балаға міндетті түрде автоорындық алу керек.

Акция айдың соңына дейін жалғаспақ. Ал, ақпанның 7-сінен бастап заңды елемегендерге тәртіп сақшылары айыппұл сала бастайды.

 

 

Бану Ахметова.