МТРА жаңалықтары

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай спорттық жарыс өтті

Нұргүл Исимбаева – қалалық классикалық гимназияның қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

-Спорттық жарыстарға соңғы рет мектеп қабырғасында білім алғанда қатысқанмын. Ал жас маман ретінде алғаш рет. Өзім сынып жетекшімін. Мені қолдауға оқушыларым келіп отры. Енді оларды ұятқа қалдырмай жеңіске жетуге тырысамын.

Көп ұзамай эстафеталық жарыстарда басталып кетті.

Алғашқылардың бірі болып сайыс алаңына жастар ұйымы мен аудандық жастар бастамалары орталығының құрамалары шықты. Оңай емес сынақтарды қос команда өкілдеріде қиындықпен бағындыруда. Бір-біріне дес бермес қарсыластардың арасынан үздігі де танылды. Ол – жастар ұйымы командасы.

Данияр Әбутәліп – СҚО жастар бастамалары орталығының директоры.

-Бізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай көптеген шара ұйымдастыру жоспарланған. Солардың бірі міне спорттық жарыс. Бұл сайыспен біз жастардың басын біріктіріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.

Жалпы спорттық жарыстың қорытындысы бойынша үздік үштікті жастар ұйымы тұйықтады. Ал күміс жүлдені облыстық жастар бастамаларының орталығы еншілісе, қалалық классикалық гимназиясының командасы алтыннан алқа тағынды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок және де грамоталармен марапатталды.

 

 

 

Риат Шони.