Мәдениет

Қазақ еліндегі ұлттар татулығын өңір өнерпаздары жырына қосты

Татьяна Какунина “Сегiз серi” атындағы қазақ халық аспаптары оркестрiнiң тұрақты көрермені. Полимәдениетті тұлға татулығы мен бірлігі жарасқан берекелі қазақ елінде тұрып жатқанын мақтанышпен айтады.

Татьяна Какунина, көрермен.

-Мен “Сегiз серi” атындағы қазақ халық аспаптары оркестрiнiң концертіне әркез шын ықыласыммен келіп тұрамын. Бұл өнер ұжымы қазақ, орыс, шетел авторларының шығармаларын аса талғампаздықпен орындайды. Маған сонысы қатты ұнайды. Мен осындай сан ұлтқа құтты мекен болған, дарынды адамдарға бай Қазақ елінде тұрып жатқанымды мақтан тұтамын. Еліміз гүлдене берсін, достығымыз мығым болсын!

Сахна төрінде “Сегiз серi” атындағы қазақ халық аспаптары оркестрi қазақ, орыс шетел сазгерлерінің әуендерін аспаптарға салып түрлендірген. Мұны өнерсүйер қауым жылы қабылдады.

Осында шығармашылығы ұшталып келе жатқан жас компазиторлардың туындылары да орындалды. Мысалы, “Япур-ай” әнін Берік Оразалин оркестрге өңдеген. Аталған туындының әні мен сөзін кезінде жерлес ақын М.Жұмабаев жазған. Оны көрерменедер сілтідей тынып тыңдады.

Сондай-ақ, осы сахнада әуезді әндер шырқалды. Өңір жұртшылығына кеңінен танылған Дәмеш Құрманкина, Мұхит Ахметов халықтар достығын жырына қосты.

Қайырлы Ғафуров, “Сегiз серi” атындағы қазақ халық аспаптары оркестрiнiң жетекшiсi.

-Акардеонда, баян, қобыз, домбырада жеке орындалатын шығармалар бар. Оркестірмен кейбір шығармалар бірінші рет орындалайын деп жатыр. Бұның арасында классика, қазіргі заман композиторларының шығармалары бар.

Негізі халықтардың бірлігін бекемдеп, ырысын тасытатын осындай концерттерді “Сегiз серi” атындағы қазақ халық аспаптары оркестрi жылда өткізбекші.

 

 

Берик Касен.