МТРА жаңалықтары

«СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы бейбітшілік пен келісім орталығы» ашылды

Александр Мерк – Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры.

-2015 жыл елмізде Қазақстан халқы ассамблеясының жылы болып жарияланды. Бұл барша ұлттармен этностардың татулығын одан әрі нығайта түсетіні даусыз. Осы достықты сақтап қалу кейінгі ұрпақтың басты міндеті. Яғни жастар өздерінің тарихын, мәдениетімен салт-дәстүрлерін ұмытпай біліп журулері қажет. Міне біз сол құндылықтарды қайта жандандырып жатырмыз.

Орталықтың ашылуына түрлі ұлт өкілдерімен Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков қатысты. Бүгінгі күні елімізде 130-дан астам ұлтпен ұлыс бір шаңырақ астында айрандай ұйып отыр. Осының барлығы келісіммен татулықтың арқасында.

Анатолий Башмаков – Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары.

-Былтыр Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы ашылған болатын. Енді міне араға бірнеше айлар салып, сіздердің білім ошақтарыңызда орталық ашылып жатыр. Бұл ошақ енді этникааралық мәдениеттің тірегі іспеттес деуге болады. Сондықтан халықтардың тарихымен танысқыларыңыз келсе, осында келіп көрулеріңізге болады.

Бұдан соң орталықтың таспасы салтанатты түрде қиылды. Қазір мұнда қазақ, орыс, татар, неміс сынды 9 ұлттық құнды жәдігерлерін кездестіруге болады. Барлығы 350-ден асады. Алдағы уақытта олардың саны арта түспек.

Борис Самусев – СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы бейбітшілікпен келісім орталығының меңгерушісі.

-Қазіргі таңда Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қарамағында 23 этномәдени бірлестік бар. Ал біздің орталықта тек 9 ұлттың құндылықтары топтастырылған. Яғни материал жинау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Айта кету қажет, бүгінгі күні колледжімізде 17 ұлттың өкілі білім алады. Жиыны 1400-ге жуық студент.

Петропавл гуманитарлық-техникалық колдежінің тарихы өткен ғасырдың 30 жылдарынан бастау алады. Осы уақыт аралығында білім ошағы 30 мыңнан астам маманды қанат қақтырған. Ал бүгінгі студенттер болса, орталықтың ашылғанына қуанышты.

Ботагөз Мұсабай – Петропавл гуманитарлы-техникалық коледжінің студенті.

-Қазақстан республикасының халықтар достастығы бұл маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрып жатыр. Басқа ұлттардың мәдениетімен әдет-ғұрыптарымен танысу өте қызық. Оның үстіне қазір біз үш тілде білім алып жатырмыз. Міне талирантылық қоғам құру үшін осындай тәрбиелік жұмыстар жүріп жатыр.

Екатирина Аитова – Петропавл гуманитарлы-техникалық коледжінің студенті.

-Орталық қарамағынан жастар кеңесі де құрылды. Мен сол кеңестің төрайымымын. Алдағы уақытта студенттерді аймағымыздағы халықтардың мәдениетімен таныстыру жұмыстары басталады. Яғни дөңгелек үстелдер, түрлі іс- шаралар ұйымдастырамыз. Сол кезде осы орталықтың көп көмегі тиеді деп ойлаймын.

Қазақстан бүгінгі күні ынтамығы жарасқан мемлекет. Елдегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде республикамыз өркендеп, ілгері басып келеді.

 

 

Самат Джакупов.