МТРА жаңалықтары

Ғаламтор арқылы қаржы тауып келген алаяқ құрықталды

Данияр Касымов – СҚО ІІД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі.

-Петропавл қаласындағы банктердің бірінің қызметкері бізге үстіміздегі жылдың 16-шы қаңтарында арыз түсірген болатын. Онда 12-ші қаңтардан бастап, белгісіз біреу ғаламтор желісі арқылы қаржы институтының атынан хабарлама жолдағаны жазылған. Осылайша қаскөй ғаламтор желісін пайдаланушыларға белгілікті хаттамаларды толтыртып өзіне қажетті деректемелерді алып отырған.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары іске қатысы бар деген күдіктіні анықтады. Ол Петропавл қаласының 28 жасар тұрғыны болып шықты.

Данияр Касымов – СҚО ІІД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі.

-Күдіктінің компьютерін тексеру барысында бірқатар папкалар анықталды. Онда қаржы институты клиенттерінің құпия ақпараттары бар. Қазір тергеу амандары әлі жалғасып жатыр.

Қазіргі таңда күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Ол осы күнге дейін екі банктің атынан қазақстандықтарға түрлі хабарлама жіберіп отырған екен. Қазір қаскөйдің осы уақыт аралығында қанша адамды алдағандығы анықталу үстінде. Айта кету керек қылмыскер былтырғы жылдың аяғында барлық коммуналдық қызметтерін осындай жолмен төлеп келген. Бұл ретте полейцейлер алдағы уақытта интернет желісін пайдаланушыларға абай болуға ескертеді.

 

 

Самат Джакупов.