МТРА жаңалықтары

Бүгінде Петропавл қаласындағы су тарату жабдықтарының 74 %, кәріздік желінің 62% тозған

Арман Саутов, “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры.

-Өткен жылы мекеме су құбырының 17,5 шақырымын және кәріздік желінің 4 шақырымын жөндеуден өткізді. Бұл мақсатқа 400 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, қаламыздағы 257 құдық жөндеуден өтті. 482 колонка жаңасына алмастырылды. 40 шақырым кәріздік құбыр жуылып-шайылды.

Өткен жылы “Қызылжар су” ЖШС “Терминатор” және “Крот” деп аталатын құрылғылардың көмегімен бірнеше ай бойы қарызын қайтармай жүрген борышкерлерден 25 млн. теңге дебиторлық берешекті өндіріп алды. Бүгінде су таратушы кәсіпорынның тұтынушылардан тағы 18 млн. теңге алашағы бар.

Арман Саутов, “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры.

-2014 жылдың 6 айында 1700 тұтынушыға қарызды өтеу жөнінде ескерту қағазы жіберілді. Біз өткен жылы 95 пәтердің кәріздік жүйесін терминатор, крот құрылғыларымен бітеп тастадық. Осылайша, “Қызылжар” ЖШС-гі борышкерлерден 25 млн. теңге дебиторлық қарызын өндіріп алды.

Биыл “Қызылжар су” ЖШС өз қаражаты есебінен 9,5 шақырым су тарату құбыры мен 4,5 шақырым кәріз желісін жаңасына алмастырмақшы.

 

Берик Касен.