Білім

Жергілікті “Өрлеу” ұлттық орталығында халықаралық онлайн-вебинар өтті

Балғаным Оспанова – “Өрлеу” БАҰО АҚ СҚО ПҚБАИ деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері

– Вебинар аясында халықаралық Эриксон университетінің кәсіби коучтерінің тәлімгерлік және коучинг туралы тәжірибелерімен танысамыз. Сонымен қатар білім беру үрдісіне коучинг-сессияларды жүйелі енгізуді қолдау, мектеп мұғалімдерінің көшбасшылық сапаларын дамыту және мектеп оқушыларының жеке тұлғалық дамуын қолдау бағытында мәселелер қаралады.

Вебинарға деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері, сертификат алған мұғалімдер мен ресейлік педагогтер қатысуда. Ең алдымен, он-лайн байланысқа мектеп оқушылары шығып, коучингтің сабақ барысындағы маңыздылығына тоқталды. Кейін, семинарды өткізуші кәсіби коучтердің әрбірі мұғалімнің көшбасшылық қасиеті тақырыбында баяндамаларын ұсынды.

Юлия Иванова – Бескөл мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Қызылжар ауданы

– Маған вебинарда баяндамамды таныстыру мүмкіндігі бұйырды. Семинар оқытушылар мен ұстаздардың көшбасшылық қасиетін арттырып, олардың кәсіби шыңдалуларына бағытталған. Біздің мектебімізде өткен жылдан бастап аталмыш коучинг-сессиялар өтіп келеді. Оны деңгейлік бағдарламалар курсынан өткен ұстаздар ұйымдастырады.

Бүгінгі халықаралық вебинарды еліміз бен Ресейден 100-ге тарта білім беру ұйымдарының өкілдері тыңдады.

 

Бакыт Садуакасов.