Без категории

Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Турашевтің ерлігі

Василий Турашев, ҰОС ардагері

– Қанды майдан қорқынышты болатын. Бірақ, сол үрейді жеңе білдік. Болған оқиғаны сөзбен айтып жеткізу қиын. Қолымызға қару ұстап, жауларымызбен шайқасып жүрдік. Соғысты басынан-аяғына дейін көрдім. Ал, Ұлы Жеңісті Лиепава қаласының түбінде, окопта қарсы алдым.

Тік мүсін, бойға біткен жинақылық және омырау толы наградалар. Бұл көрсеткен ерлігі үшін. Оң жақ төсінде үш бірдей “Қызыл жұлдыз” ордені, сол жағында көрсеткен ерліктері үшін алған бірнеше мадельдар ілініпті. Қария 90-ды алқымдап қалса да әлі тың. Арманы да жоқ емес.

Василий Турашев, ҰОС ардагері

–  Бүгінгі ұрпақ бейбітшілік заманында өмір сүріп жатыр. Ләйім солай болғай. Біз көрген сұрапыл соғысты балаларымыз көрмесін. Осындай тәуелсіз мемлекетті тыныш, тату-тәтті ғұмыр кешсін.

Василий Турашев соғыс аяталғаннан кейін Ішкі істер органдарында қызмет етіпті. Қазір бос уақытында орыс классиктерінінің шығармаларын оқып, шахмат ойнағанды ұнатады екен.

 

Ахметова Бану.