МТРА жаңалықтары

Өңірде «Мигрант» шарасы өтіп жатыр

Даурен Ахмадалиев,

– Менде рұқсат қағаздар болмады. Бір ер кісімен таныстық. Одан самса алып, соны саудалап отырдық.

Елімізге келіп, заңсыз екі қолға бір күрек тапқандарды тәртіп сақшылары «Мигрант» шарасы аясында анықтапты. Жалпы полицейлер шетелдіктер жүруі мүмкін деген жерлерді жіті бақылауға алған.

Еркетай Тұткышев- СҚО ІІД көші- қон полициясы басқармасының басшысы

– Аталған шараның мақсаты – елімізге заңсыз келген шетелдіктерді анықтап, қылмыскерлерді табу. Қонақ үйлер мен өзге де нысандар тексеріліп жатыр. Транзитпен кетіп бара жатқан өзге ел азаматтары да анықталуда.

Шараның алғашқы күні-ақ, әкімшілік жауапкершілікке 24 шетелдік азамат іліккен. Олардың 8-не облыста жүру рұқсаты қысқартылса, 4-і елден қуылған. Сондай- ақ, көші- қон заңнамасын бұзған16 солтүстікқазақстандық та жазаланыпты. 3 жерлесіміз шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастырған екен. Ал 3 шетелдік елден кету жөніндегі сот шешімін орындамағандықтан, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Магжан Ахмадина.