Билік

Облыс әкімі Айыртау ауданына қарасты Имантау селолық округі әкімінің есептік кездесуіне қатысты

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Жақсы өнер көрсетіп, ел намысын үлкен додаларда көрсетулеріңізге қазір барлық жағдай жасалған. Тек ол үшін аянбай еңбек ету қажет. Сонда ғана айтарлықтай нәтиже болады.

Ауылдағы дәрігерлік амбулатория басы ауырып, балтыры сыздағандарға сапалы қызмет түрін көрсетіп келеді. Материалдық-техникалық базасы жыл санап нығаюда. Бүгінгі күні медициналық орталықта 7 білікті маман жұмыспен қамтылыпты. Бұдан соң Ерік Сұлтанов Имантау селолық округінің әкімі Любовь Сердюктың халық алдындағы есептік кездесуіне қатысты. Үш елді-мекен кіретін округтің халық саны 2600-ден асып жығылады. Аумағы 66 357 гектар алқапты алып жатыр. 2014 жылы округте ауыз толтырып айтатындай жұмыстар атқарылыпты.

Любовь Сердюк – Имантау селолық округінің әкімі, Айыртау ауданы.

– Кәсіпкерлермен, агроқұрылым басшыларының көмегінің арқасында Имантау ауылына жарық тарту мәселесі шешілді. Бүгінгі күні үш желі жұмыс істеп тұр. Биыл тағы демеушілердің көмегімен 20 бағана шамын іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Любовь Сердюк округті 2013 жылдан бастап басқарып келеді. Осы уақыт аралығында әкім ауылды абаттандыруға баса мән беріпті. Мұнымен қоса халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге де назар аударған.

Любовь Сердюк – Имантау селолық округінің әкімі, Айыртау ауданы.

– Имантау ауылындағы су құбыры 8 шақырмға ұзартылды. Нәтижесінде 67 үй таза ауыз суға қосылды. Қазір бұл бағытта ешқандай проблема жоқ. Ал Жоғарғы Бұрлық селосында екі су таратқыш нысан бар.

Бүгінгі күні Имантау ауылында гүл өсіру шаруашылғы жоғары деңгейде дамыған. Көшеттер Ақмола, Алматы облыстарына жөнелтіледі. Кездесу барысында аудан әкімі Ағзам Тастеміров те 2014 жылы атқарылған шаруаларға тоқталды.

Ағзам Тастеміров – Айыртау ауданының әкімі.

– Өткен жылдары 2420 адам жұмыспен қамтылды. Оның 1068 -і жаңадан ашылған жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 342 азамат тартылды. 20 жерлесіміз арнайы курстардан өтті. 69 жағдайы төмен отбасыға 5 миллион теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына 470 адам қатысты. Бірінші бағыты бойынша 5 инфроқұрылымдық жоба жүзеге асты. Ал ауданда орташа айлық 63990 теңгені құрады.

Жергілкті әкімі болашақтағы жоспарларымен де бөлісті. Биыл агроқұрылым басшылары 1870 бас ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр.

Ағзам Тастеміров – Айыртау ауданының әкімі.

– 2015 жылы 2 элеваторды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Олардың жалпы құны 1 миллиард 70 миллион теңге. Тағы біреуі келер жылы пайдалануға берілетін болады. Мұнымен қоса бұрын Айыртау ауданында жақсы ірімшік зауыты болған. Биыл міне соның тамырына қан жүгіртуді жоспарлап отырмыз.

Кездесуде тұрғындар облыс әкіміне сұрақтарын қойды. Көтерілген саулдардың басым бөлігі жолдарға қатысты.

Татьяна Курочкина

– Имантау ауылы арқылы өтетін Еленовка -Чистополье бағытындағы жол қашан жөнделеді? Биыл бұл жұмыстар басталады ма?

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Автомобиль жолдары бойынша Айыртау ауданында әлі атқарылатын жұмыс көп. Естеріңізде болса, былтыр Елбасы сіздердің аудандарыңызға келгенде мен осы мәселені көтерген болатынмын. Жаңа технология бойынша жолдар салынады. Қазір дағдарыстың салдарынан бөлінетін қаражат көзі қысқарды. Сондықтан уақыт келгенде біз оны қалыпқа келтіретін боламыз.

Жалпы биылғы жылы өңірде 300 шақырмнан астам жол жаңа технология бойынша жөнделмек.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 7530 шақырымды құрайды. Оның 51 пайызы бүгінгі күні қанағатсыз жағдайда. Оларды қалыпқа келту үшін 50 миллиард теңге қаражат қажет. Биыл міне 350 шақырымды қайта қалыпқа келтіреміз. Болашақта бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Ал тұрғындар болса енді бұл жұмыстар уақытылы жүргізілсе дейді.

– Бізде соншалықты шешілмей жатқан проблема жоқ. Тек осы жол мәселесі оңалса дейміз. Басшылар жұмыстар атқарылады деп сендірді. Сондықтан болашақта бұл сұрақ та шешімін табады деп ойлаймын.

 


–  Алдағы уақытта жолымыз жөнделеді. Ең бастысы осы ғой.

Жалпы былтырғы жылы Айыртау ауданында өткізілген есептік кездесулерде тұрғындар тарапынан 111 өтініш түскен. Оның бүгінгі күні 86 толығымен шешіліпті.

Джакупов Самат.