Билік

Көтерме- бөлшек сауда орындарының жағдайы

Александр Фомин- «Көтерме сауда орталығы» ЖШС басшысы

– Бүгіндері біз мұндай нысандардың талаптар сай еместігін білеміз. Сондықтан қалыпқа келтіру жұмыстарын бастауды көздеп отырмыз. Ол заманауи стандарттар бойынша тұрғызылмақ. Бұл жобаны жергілікті басшылар да қолдап отыр. Сондықтан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жұмыстарды ағымдағы жылдың соңында бастауды көздеп отырмыз.

Ал мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта кәсіпкерлерге басқа жерден орын берілмек. Орталық басшысы обылыс әкімі Ерік Сұлтановты жоспарларымен таныстырды. Сауда орталығындағы жұмыстар 2 жылға жалғасады деп көзделген. Бірақ нысанның жұмысымен танысқан аймақ жетекшісі шаруаны сағызша созбай, 1 жыл ішінде аяқтау қажеттігін айтты.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Нысанды 2016 жылдың желтоқсан айында тапсыру қажет. Ең бастысы қазір қаржыландыру мәселесін шешу қажет. Сосын тез арада жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу қажет.

Сондай-ақ, бұл күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов жаңадан бой көтерген «Солтүстік» көтерме-бөлшек базарында да болды. Мұнда сатушыларға арналып 25 сауда орны қарастырылған.

Есжан Оразалин – «Солтүстік»ҰК» АҚ басқарма төрағасы

– Әр сатушыға бөлек орын беріледі. Ал егер бөлшектеп сатқысы келсе, мына жерге сөрелерді қоюға болады. Сонда көтерме сауда да, бөлшек тауарды сату да жүзеге асады.


Нысан болашақта ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуге таптырмайтын орын болмақ. Өңір жетекшісі нысандағы жұмыстарға серпін беруді тапсырып, сауда орнын ақпан айында ашу қажеттігін қадап айтты.

 

Магжан Ахмадина.